14.07.2014, 20:11 3169

Алматы облысында жасөспірімдер әскери ұйымдарының дамуы талқыланды

Алматы облысындағы ҚР ҚМ Құрлық әскері әскери институтының базасында 11-13 шілде аралығында "Ұлт сабақтастығы" атты үш күндік семинары өткізілді. Онда Қазақстанның жасөспірімдер әскери ұйымының даму мәселесі талқыланды.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Алматы облысындағы ҚР ҚМ Құрлық әскері әскери институтының базасында 11-13 шілде аралығында "Ұлт сабақтастығы" атты үш күндік семинары өткізілді. Онда Қазақстанның жасөспірімдер әскери ұйымының даму мәселесі талқыланды.

Аталмыш шара "Қазақстанның әскери-патриоттық клубатары кеңесі" корпоративтік қоры тарапынан ҚР БҒМ Жас ісі комитетінің қолдауымен жән "Қазақстанның әскери-спорттық клубы федерациясының" араласуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстанның әскери-патриоттық клубтары кеңесінің баспасөз қызметі.

Қатысушылар семинар барысында ҚР Қарушы күштерінің жетістіктерімен танысып, курсантатрды оқыту және әскери дайындаудың заманауи әдістерінен хабардар болды, шақырылымға дейінгі дайындық саласындағы тәжірибемен алмасты.

"Шараның басты мақсаты - әскери-патриоттық бірлестіктер, әскери-патриоттық, әскери-іздестіру және спорттық-техникалық клубтардың өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді тиімді іске асыру үшін патриоттық тәрбие қызметін үйлестіру жұмыстарын оңтайландыру болып табылады", - дейді жоба үйлестірушісі Айдос Пәрімбек.

Семинарда қазақстандық жастарды әскери-патриоттық тәртиебеу саласындағы маңызды мәселелер талқыланды.

Семинар бағдарламасында әскери дайындық пен психология, тактикалық дайындық, сап дайындығының әдістемелік оқытуы, қару қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша оқыту-әдістемелік шаралар қарастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны