27.01.2010, 12:09 1813

Алматы облысында жер телімін заңсыз жеке меншікке берген ауылдық округ әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында жер телімін заңсыз жеке меншікке берген ауылдық округ әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында жер телімін заңсыз жеке меншікке берген ауылдық округ әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, агенттіктің Алматы облыстық департаменті ауылдық округ әкімінің үстінен Р ҚК-нің 308-бабының 4 -тармағының "в" тармақшасы бойынша (Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Ол өзге тұлғаларға пайда мен артықшылық алу мақсатында қызмет көрсетуге арналған жер телімін бір азаматқа қосалқы шаруашылық жургізу үшін жеке меншікке беріп, мемлекетке 55,2 млн теңгеге залал келтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны