28.08.2017, 17:55 5590

Алматы облысында жыл соӊына дейін 35 мектеп пайдалануға беріледі

Жыл соӊына дейін Алматы облысында 35 мектеп, ал оныӊ 24-і Білім күні пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғанда өткен ұстаздардыӊ тамыз конференциясында хабарлады.

Талдықорған. 24 тамыз. Kazakhstan Today - Жыл соӊына дейін Алматы облысында 35 мектеп, ал оныӊ 24-і Білім күні пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғанда өткен ұстаздардыӊ тамыз конференциясында хабарлады.

Алматы облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Ләззат Базарқұлова өткен оқу жылыныӊ, ҰБТ-ныӊ қорытындысын баяндап, жаӊа оқу жылында жүктелетін негізгі мәселелерге тоқталды.

Педагогтардыӊ тамыз конференциясын өӊір басшысы Амандық Баталов қорытындылады.

- Құрметті жиынға қатысушылар, құрметті ұстаздар! Келер оқу жылында педагогтарымызға үлкен міндеттер артылады. Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында ұсынған қоғамдық сананы жаӊғырту жоспарын іске асыру бойынша өскелеӊ ұрпақпен түсіндірме жұмыстарын бірлесіп жүргізуіміз қажет.

Біздіӊ мақсатымыз ортақ, ол еліміздіӊ өскелеӊ ұрпағына сапалы білім беру, ұлт жанды, еліміздіӊ мақтан тұтар азаматтарын тәрбиелеп шығу, - деді А. Баталов.

Өӊір басшысы білім саласыныӊ ақсап тұрған күн тәртібіндегі мәселелеріне ерекше көӊіл бөлу қажеттігін ескертті. Солардыӊ ішінде ҰБТ-ныӊ нәтижесі, балаларды қосымша біліммен қамтудыӊ аз үлесі, мектеп директорларыныӊ атымен байланысты орын алған келеӊсіз оқиғалар, кадрларды жұмысқа қабылдау кезіндегі өз ісіне жауапсыздық мәселелері бар. Тәрбиелеу ісініӊ босаӊсып кетуініӊ салдарынан уақытынан ерте жүкті болу, жасөспірімдер арасындағы қылмыстыӊ арту деректерініӊ көбейіп бара жатқандығына да назар аударды.

Ағымдағы жылы Алматы облысыныӊ білім беру саласыныӊ бюджеті 153,7 млрд. теӊгені құрады. Оныӊ ішінде білім беру нысандарыныӊ құрылысына 27 млрд. теӊгеден астам қаражат қарастырылған. Өӊірде 48 білім беру нысаныныӊ құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Білім күнінде 24 жаӊа мектеп өзініӊ алғашқы оқушыларына есігін ашпақ. Осы мектептердіӊ 23-і үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін болады. Ал 2018 жылы тағы 10 мектеп салу арқылы үш ауысымда оқыту мәселесі толықтай шешілмек. Сонымен қатар, биылғы жылы 24 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны