08.08.2017, 19:49 6336

Алматы облысында жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімдік оқыту үшін 5 оқу орталығы іріктеліп алынды

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде Алматы облысында биылғы жылдыӊ сәуір айынан бері 4275 жұмыссыз азамат қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді. Бүгінгі бүнге 1730 адам оқуды аяқтап, соныӊ 741-і жұмысқа орналастырылды.

Талдықорған. 8 тамыз. Kazakhstan Today - "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде Алматы облысында биылғы жылдыӊ сәуір айынан бері 4275 жұмыссыз азамат қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді. Бүгінгі бүнге 1730 адам оқуды аяқтап, соныӊ 741-і жұмысқа орналастырылды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді курстарды кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарыныӊ базасында ұйымдастыру жүйесін енгізу қолға алынуда. Бұл мақсатта 5 оқу орталығы іріктеліп алынды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында "ТАТЭК" АҚ, "Қайнар" ЖШС, "Байтұрғанов" ЖК, Қапшағай қаласында "КНАУФ Гипс Қапшағай" ЖШС, Талғар ауданында "Байсерке Агро" ЖШС. Аталмыш өндірістік базаларда курс тыӊдаушылары электромонтер, электрослесарь, аккумуляторшы, ірі қараны қолдан ұрықтандыру технигі, нэйл стилист, визажист, шаштараз кәсіптері бойынша тәжірибелерін шыӊдайды.

Биылғы жылы осы оқу орталықтарыныӊ базасында 200 адамға оқыту курсы ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күні жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары тарапынан аталмыш мамандықтарға оқытуға деген жұмыс берушілердіӊ сұраныс деӊгейі анықталуда.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017 жылға 85,3 млрд теӊге қарастырылған.

Жедел деректерге сәйкес, ағымдағы жылдыӊ 1 тамызында Бағдарламаға қатысуға 276,2 мыӊ адам ниет білдіріп, оныӊ ішінде 248,4 мыӊ адам немесе 90%-ы Бағдарламаға қатысушылар қатарына қосылды.

Үкіметтіӊ мәліметінше, бүгінде Алматы мен Қызылорда облыстарында жұмыс берушілердіӊ оқу орталықтарында оқу басталған.

5 өӊірде (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маӊғыстау, Қостанай облыстары) қанатқақты тәртіпте мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімге арналған кәсіби оқыту сынақтан өтеді.

Қазірде Ақтөбе, Қостанай және Маӊғыстау облыстарында мобильді оқу орталықтарын жеткізу бойынша қызмет көрсетушілермен шарттар жасалып, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында байқау процедуралары өткізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны