19.03.2007, 14:10 3362

Алматы облысындағы атыс ұлтаралық сипаттағы жанжал емес - ҚР ІІМ

АСТАНА. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы облысындағы атыс ұлтаралық сипаттағы жанжал емес. Бұл туралы бүгін ІІМ баспасөз мәслихатында министрліктің баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Журналистердің атысқа қатысқан ұлттар туралы қойған сұрақтарына жауап бере отырып, Бағдат Қожахметов "онда азиялық және кавказдық ұлт өкілдерінің болғандағын" атап өтті. Бірақ, журналистерден "ұлттарға қатысты ақпаратқа баса назар аудармауды" өтінді. "Бұл - ұлтаралық сипаттағы жанжал емес",- деп санайды ҚР ІІМ баспасөз қызметінің бастығы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны