09.06.2009, 10:54 1241

Алматы облысындағы қару-жарақ қоймасындағы өрт сөндірілді; алдын-ала мәліметке сәйкес өрт өздігінен тұтанған - ҚР ҰҚК

Алматы облысындағы қару-жарақ қоймасындағы өрт сөндірілді; алдын-ала мәліметке сәйкес өрт өздігінен тұтанған - ҚР ҰҚК

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысындағы қару-жарақ қоймасындағы өрт сөндірілді; алдын-ала мәліметке сәйкес өрт өздігінен тұтанған. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров бүгін мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Кеше 8 маусымда оқу полигонында өрт шықты. Жедел әскери қызметтегі әскер қаза тапқаны рас. Бүгін таңертең өрт сөндірілді. Басқа құрбан болғандар мен халыққа келген шығын жоқ", - деді К. Бекназаров.

"Тиісті құрылымдардың өкілдерінен арнаулы комиссия құралды, ол өрттің шығу себептерін анықтайды. Алдын-ала мәліметке сәйкес өрт өздігінен тұтанған", -деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Жарылыс қаупі бар нысанда қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы мүмкіндігі жөніндегі тілші сауалына К. Бекназаров : "бұл жайлы әзірге ешкім де нақты ештеңе айта алмайды, комиссия оны анықтау үшін жұмыс істеп жатыр",- деді.

К.Бекназаровтың айтуынша, қаза тапқан сарбаздың отбасына "жан -жақты көмек көрсетіледі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны