18.04.2007, 17:46 3061

Алматы облысындағы жаппай өз -өзіне қол жұмсау оқиғасы болған колонияның бірқатар қызметкерлері жұмыстан босатылды

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Алматы облысындағы жазасын өтеушілердің жаппай өз -өзіне қол жұмсау оқиғасы болған колонияның бірқатар қызметкерлері жұмыстан босатылды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызмет бабындағы тексеру жүргізуде. Осы іс бойынша тергеу аяқталғанға дейін бірқатар қызметкерлер қызметтерінен шеттетілді",- деді С.Нұрпейісов.

Оның айтуынша, алдын-ала талдау қорытындысы көрсеткендей, адамдардың өз-өзіне қол жұмсауына мекеме әкімшілігінің іс-әрекеттеріне деген наразылық себеп болған. "Тағы бір себеп - мекеменің оперативтік және тәртіптік қызметтерінің өз жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмауына байланысты",- деді С.Нұрпейісов. Оның айтуынша, қазір мекемедегі ахуал тұрақтанды, барлық шаралар күн тәртібіне сәйкес жүргізілуде.

Бас прокуратура өкілі сонымен бірге адамдардың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Алматы облыстық прокуратурасының ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 361-ші (қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты іс-қызметіне іріткі салу), 308-ші (билігін және лауазымдық құзыретін асыра пайдалану) баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғағанын жеткізді. "Екі қылмыстық іс те тергеу үшін Алматы облыстық ІІД органдарына жолданды, тергеу барысын бүгінде облыстық прокуратура өз бақылауына алып отыр",- деді С.Нұрпейісов.

Оның айтуынша, сондай-ақ, "қазір Бас прокуратура мен Алматы облыстық прокуратурасының қызметкерлері сотталғандарды қабылдап жатыр".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-сәуірде қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Алматы облыстық басқармасына қарасты Заречный ауылындағы ЛА - 155/8 мекемесінде ауыр қылмыстары үшін қамауда отырған 20 адам жазаны өтеу тәртіптерімен келспей өз-өздеріне қол жұмсауға әрекет жасаған. Олар бір мәрте қолданылатын қырыну аспабымен денелерін кескілеген. Осыдан кейін 12 адам Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізіліп, оларға жедел жәрдем көмегі көрсетілді. Олар мекемеде белгіленген тәртіпті жеңілдету, сәлемдемелер мен жолдамаларды тексерусіз әрі шектеусіз мөлшерде қабылдау, заңда белгіленген мерзімнен көп уақытқа кездесулерге рұқсат беруді талап еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны