17.06.2014, 20:15 3056

Алматы облысының 155 түлегі "Алтын белгіге" ие болды

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 10 181 адам ҰБТ тапсырған, бұл мектеп бітіруші түлектердің 70,4 проценті деген сөз. Тестілеу барысында 956 жасөспірім 100-ден жоғары балл жинаған. Сөйтіп, облыс бойынша ҰБТ-дағы орташа балл 73-ті құрап отыр.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Алматы облысының әкімі А.Мұсаханов Талдықорған қаласындағы Орталық алаңда 155 түлекке "Алтын белгі" тапсырды.

"Облыстың абыройын арттырған бұл қуаныш - сіздердің үлкен өмірдегі болашақ толайым табыстарыңыздың бастауы деп білеміз. "Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар, қалан" - деп Абай атамыз айтқандай, өмірде өз орындарыңды тауып, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын айтулы азамат болыңыздар" , - деді Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 10 181 адам ҰБТ тапсырған, бұл мектеп бітіруші түлектердің 70,4 проценті деген сөз.

Тестілеу барысында 956 жасөспірім 100-ден жоғары балл жинаған. Сөйтіп, облыс бойынша ҰБТ-дағы орташа балл 73-ті құрап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны