08.02.2007, 17:51 2960

Алматы облысының әйел тұрғынынан тәртіп сақшылары жауынгерлік граната тәркіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. 8-ақпан. Kazakhstan Today. "Қару-2007" шұғыл алдын-алу шарасы барысында Алматы облыстық тәртіп сақшылары Текелінің бір әйел тұрғынынан РГД-5 жауынгерлік гранатасын тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы облыстық ІІД хабарлады.

"Ийел өзінің жауынгерлік гранатаны не себепті сақтап отырғанын түсіндіре алмады", дейді баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, арнаулы шараның тек соңғы бес күнінде облыстық полицейлер 148 қару (соның ішінде 62 данасын ерікті түрде), 370 дана оқ тәркіледі. Тәркіленген қарулардың арасында он үш шолақ мылтық пен қолдан жасалған бес қару бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны