02.08.2017, 19:19 4265

Алматы облысыныӊ әкімдігі протондық терапияны дамытуға ниетті

Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар бастаған жетісулық делегация Бельгияда болып, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеуде озық үлгідегі құрал-жабдықтарды қолданып отырған алдыӊғы қатарлы медициналық орталықтардыӊ тәжірибесімен танысты. Сапар аясында Талдықорған қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде Протон орталығын құру жөніндегі IBA трансұлттық компаниясымен ниет хаттамасына қол қойылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар бастаған жетісулық делегация Бельгияда болып, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеуде озық үлгідегі құрал-жабдықтарды қолданып отырған алдыӊғы қатарлы медициналық орталықтардыӊ тәжірибесімен танысты. Сапар аясында Талдықорған қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде Протон орталығын құру жөніндегі IBA трансұлттық компаниясымен ниет хаттамасына қол қойылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстанда теӊдесі жоқ бұл жобаныӊ алдын ала есептеу бойынша құны 60 млн. евро деп белгіленіп отыр.

IBA компаниясы қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудіӊ жоғары технологиялық құрал-жабдықтарын шығарады, әрі протондық терапия саласында әлем бойынша көшбасшы саналады. Онкологияны емдеудіӊ осы ультразаманауи тәсілін дамыта отырып және радиофармпрепараттар өндірісіне бағытталған шешімдер әзірлей отырып, IBA компаниясы онкологиялық орталықтарды жоғары сападағы қызметпен және құралдармен қамтамасыз етеді, озық үлгідегі кешенді шешімдер ұсынады.

Айта кетейік, өӊірде қатерлі ісік ауруларынан қатйыс болу көрсеткішініӊ 100 мыӊ адамға шаққанда 2012 жылғы 76,88-ден 2014 жылы 80,0-ге дейін өсуі тіркегіш мәліметтерініӊ базасын қалыптастыруға байланысты. Қайтыс болған жергілікті науқастар қай жерде қайтыс болғандарына қарамастан, мекен-жайы бойынша облыста тіркеуден өтеді.

Облыста 935 денсаулық сақтау ұйымы бар, оныӊ ішінде 777 мемлекеттік және 158 жекеменшік (91,0%-і ауылдық жерлерде орналасқан). Сонымен қатар 441 ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелер бейімделген ғимараттарда, 67 жалдамалы ғимарттарла орналасқан.

Облыстыӊ 50 адам және одан артық халқы бар барлық елді мекендері медициналық ұйымдармен толығымен қамтамасыз етілген.

Дәрігерлер саны 4154 адамнан 4493 адамға дейін 8,2%-ке артты, оташа медициналық қызметкерлер саны 12152 адамнан 12381 адамға дейін - 1,9%-ке артты.

"350 денсаулық сақтау объектісініӊ құрылысы" бағдарламасыныӊ аясында облыста 2012-2014 жылдары 38 дәрігерлік амбулатория, бір фельдшерлік-акушерлік пунтк және Көксу ауданыныӊ Балпық би кентінде емхана салынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны