06.02.2018, 16:40 5270

Алматы облысыныӊ әкімі әкімі жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болды

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтыӊ тұрғындар алдындағы қорытынды есебіне қатысты.

Талдықорған. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтыӊ тұрғындар алдындағы қорытынды есебіне қатысты. Есепті жиынныӊ алдында облыс басшысы "Туған жер" бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген бірқатар нысандарды аралап, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін қолдаудыӊ сәтті жобаларына куә болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен Амандық Баталов Жақсылық Үшкемпіровпен бірге даӊқты спортшыныӊ есімін иеленген спорт кешенінде болды.

Бүгінде Жақсылық Үшкемпіровтіӊ есімі елге Олимпиада жеӊімпазы, аты аӊызға айналған спортшы ғана емес, табысты бизнесмен әрі меценат ретінде де танымал. Ол өзініӊ туған жері Мыӊбаев ауылында бірқатар әлеуметтік маӊызды нысандар ашқан. Олардыӊ қатарында спорт кешені де бар. Оныӊ күрделі жөндеуіне меценат 73 млн. теӊге жұмсаған. Кешенде күрес, бокс, ауыр атлетика, фитнес, футбол, волейбол және ойын залдары бар. Мұнда грек-рим күресі, еркін күрес, қазақша күрес, самбо, дзюдо, сол сияқты футбол, баскетбол, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс жасайды. А. Баталов бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақша күрес пен тренажерлық залдарды аралап көрді. Ж. Үшкемпіров жастарды спортқа баулу, саламатты өмір салтына тарту аса маӊызды іс екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар Амандық Баталов Мыӊбаев атындағы мектептіӊ Жақсылық Үшкемпіровтіӊ қаржысына күрделі жөндеу жұмыстары жасалған спорт залына барды.

Мұнан соӊ "Жақсылық" жекеменшік балабақшасында және шағын отбасыларына арналған жатақханада болды. Бұл екі нысан да Ж. Үшкемпіровтіӊ қаржысына күрделі жөндеуден өткен. Балабақша 2015 жылдыӊ ақпан айынан жұмыс істейді, қазір мұнда 100 бала тәрбиеленуде. Меценат ғимаратты толық жаӊғыртудан өткізіп, музыкалық зал салып берді.

Шағын отбасыларға арналған жатақханада тұрмысқа қажетті жағдайлардыӊ бәрі жасалып, газ тартылған. Бүгінгі күні мұнда 105 отбасы тұрып жатыр.

Бұдан кейін облыс әкімі жуырда күрделі жөндеуден өткізілген ауылдық мәдениет үйініӊ жұмысымен танысты. 1973 жылы салынған бұл ғимараттыӊ күрделі жөндеуіне 237 млн. теӊге бағытталған, тағы 14 млн. теӊге материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлініпті. Қазіргі кезде мәдениет үйіндегі "Өнер" мектебініӊ домбыра, фортепиано, гитара, вокал, ұлттық билер, актерлық шеберлік және басқа да үйірмелеріне келуші жас өсіндер қатары аз емес. Сонымен қатар мұнда балаларды қолөнерге де баулиды. 750 оқырманға арналған кітапхананыӊ 20 орындық оқырман залы да бар.

Осы күні облыс әкімі Ұзынағаш ауылындағы мәдениет үйінде Жамбыл ауданы әкімініӊ қорытынды есеп беру жиынына қатысты.

Жамбыл ауданыныӊ әкімі Ж. Далабаев өз баяндамасында атап өткендей, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша өӊірдегі әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ оӊ серпіні сақталған.

Ж. Далабаевтыӊ айтуынша, жыл қорытындысы бойынша ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімініӊ көлемі 42 млрд. теӊгені құрады, нақты көлем индексі - 105,1 %. Ауыл шаруашылығын қолдаудыӊ "Агробизнес - 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде бөлінген 1 млрд. 81 млн. теӊге толығымен игерілген. Ауданда 15 мал бордақылау алаӊы, 8 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді. Биылғы жылы 500 басқа арналған 1 сүт-тауарлы фермасы ашылып, 25 жаӊа жұмыс орны құрылған. Тартылған инвестиция көлемі 1 млрд. 300 млн. теӊге болды.

Аудандағы өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі 14 млрд. 85 млн. теӊгеге жетті. Шағын және орта бизнесте 7231 нысан жұмыс істесе, олар шығарған өнім мен көрсеткен қызмет құны 13 млрд. теӊгеден асқан. Бұл салада қазір 13 мыӊ адам еӊбек етуде.

Аудан әкімініӊ баяндамасынан кейін талқылау басталды. Аудан тұрғындары түрлі салаға қатысты 10-нан астам сауал қойды. Дәрігерлік амбулатория салу қажеттігі, жас мамандарды қолжетімді баспанамен қамту, аудандық жастарға қызмет көрсету орталығын ашу, ауылішілік жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, қазандықтарды қалпына келтіру және басқа да мәселелер көтерілді. Олардыӊ әрқайсысына тұшымды жауаптар берілді.

Жиында қорытынды сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық даму жағдайынан аз-кем баяндап, ауыл шаруашылығы, оныӊ ішінде дақылдарды өсіру мен өӊдеу мәселесіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ А. Баталов бұл орайда Жамбыл ауданыныӊ қосып отырғаны үлесі бар екенін де атап өтті.

- Бүгін "Туған жер" бағыты бойынша ашылып, жұмыс істеп тұрған бірқатар нысандарда болдым. Бұл жағынан ауданда үлгі етерлік жұмыстар бар. Жәнежыл ішінде аз жұмыс жасалған жоқ, бірақ алда үлкен міндеттер тұр. Ауданда білім сапасын көтеру, ана өлімін болдырмау бағытында тыӊғылықты жұмыстар атқару қажет. Икімдер тұрғындардыӊ өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасап, әсіресе, тұрғын үй-коммуналдық салада туындаған мәселелерді шешуге баса назар аударсын, - деді А. Баталов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны