23.08.2017, 17:53 3379

Алматы облысыныӊ әкімі Мемлекеттік "Нұрлы жер" және "Нұрлы жол" бағдарламаларыныӊ орындалуы бойынша жиын өткізді

Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен өӊірлердіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері тақырыбында өткізген жиынында талқыланған мәселелерге қатысты жұмыстарды жүйелеп алу мақсатында аудан және қала әкімдерімен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердіӊ басшыларын шақырып, жиын өткізді.

Талдықорған. 23 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен өӊірлердіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері тақырыбында өткізген жиынында талқыланған мәселелерге қатысты жұмыстарды жүйелеп алу мақсатында аудан және қала әкімдерімен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердіӊ басшыларын шақырып, жиын өткізді.

Жиын барысында облыс әкімі Амандық Баталов шақырылған азаматтарға бірнеше тапсырма берді.

- Биылғы жылдыӊ өткен 7 айыныӊ әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды. Біздіӊ алдымызда бірнеше маӊызды тапсырмалар тұр. Мемлекеттік "Нұрлы жер" және "Нұрлы жол" бағдарламаларыныӊ орындалуы Елбасыныӊ ерекше бақылауында. Сол себепті, осы және өзге де бағыттар бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізу қажет. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін қолдану мәселелесіндегі, соныӊ ішінде денсаулық сақтау саласында осы механизмді қолдануда белсенді жұмыстар жүргізуіміз керек. Өӊірге инвестиция тарту да ерекше назарда. Сондықтан да, аудан, қала әкімдері мен басқарма және департамент басшыларына осы аталған тапсырмаларды орындауда үлкен жауапкершілік танытуын сұраймын. Аталған бағыттардыӊ орындалуы әрбіріӊіздіӊ атқарған жұмыстарыӊыздыӊ айқын көрсеткіші болып табылады, - деді өӊір басшысы.

Жиын барысында облыс әкімі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларын орындауға ерекше назар аудару қажеттігін де атап өтті.

Амандық Ғаббасұлы облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы мен осы салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарына:

- Облыста "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақалада берген тапсырмаларын іске асыру бағытындағы қолға алынған жұмыстарды күшейту қажет. Бізде көп мүмкіншіліктер бар, алайда белсенділік таныту жағы ақсап тұр. Істеліп жатқан жұмыстарыӊызда нақтылық байқалмайды. Жаӊаша көзқараспен қарап, тиісти шаралар қабылдаӊыздар, - дей келе, президенттіӊ тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында арнайы ашылған Талдықорған қаласындағы облыстық жобалық кеӊсе жұмысын қайта қарап шығуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны