23.08.2017, 16:37 6431

Алматы облысыныӊ әкімі Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілттерін табыстады

Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлері Карина Горичева мен Раушан Қойшыбаеваға Алматы облысыныӊ әкімі пәтер кілттерін табыстады.

Талдықорған. 23 тамыз. Kazakhstan Today -Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлері Карина Горичева мен Раушан Қойшыбаеваға Алматы облысыныӊ әкімі пәтер кілттерін табыстады.

Амандық Баталов мемлекет тарапынан дене шынықтыру мен спортты қолдауға бағытталған шаралармен қатар, еӊ айтулы спорттық оқиғалар мен облыс спортшыларыныӊ есте қалар үлкен жеӊістерін атап өтті.

Алматы облысы өзініӊ спорттық жетістіктерімен ауыз толтырып мақтана алады. Атап айтар болсақ, спортшыларымыз биылғы жылдыӊ өзінде Халықаралық және Республикалық жарыстарда 657 медаль иеленді. Соныӊ ішінде 244 - алтын, 218 - күміс және 195 - қола.

Өӊір басшысы облыста спорт нысандарын салу, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету және күрделі жөндеу жұмыстарыныӊ қарқынды жүргізіліп жатқандығын атай келе, жақын аралықта Талдықорғанда 3 ірі спорттық нысанныӊ бой көтеретіндігін тілге тиек етті. Олар: жүзу жолағы 50 метр болатын жүзу бассейні мен суға секіруге арналған 10 метрлік тұғыры бар кешен, жабық жеӊіл атлетика манежі және Қапшағай мен Талдықорған қалаларыныӊ аралығында салынатын велотрек.

Спорттағы жоғары көрсеткіштері үшін пауэрлифтингтен Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарыныӊ күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаеваға облыс әкімі Амандық Баталов екі бөлмелі пәтердіӊ кілтін табыстады. Олимпиада ойындарында зілтемір көтеруден қола жүлдеге ие болған Карина Горичеваға 1 бөлмелі пәтер берілді.

Жаттықтырушылардыӊ да еӊбектері ескерусіз қалмады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен дзюдодан облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебініӊ жаттықтырушысы Тимур Абыханов пен еркін күрестен облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебініӊ жаттықтырушысы Аман Бұғыбаев марапатталды.

Тағы бір жоғары награда саналатын "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіӊірген еӊбегі үшін" төсбелгісі Жамбыл және Қарасай аудандарыныӊ спортта дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерініӊ директорлары Бақберген Қайырлыбаев пен Валерий Хациевке табысталды.

Төрт спортшы спорт шебері атағына ие болды.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны