01.09.2016, 16:18 3476

Алматы облысыныӊ Ақши елдімекенінде жаӊа заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды

Ауылдық амбулатория құрылысына жергілікті бюджеттен 163,9 млн. теӊге бөлінді

Талдықорған. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Облыс әкімініӊ тікелей тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен Алакөл ауданына қарасты Ақши елдімекенінде жаӊа заманауи дәрігерлік амбулатория салу туралы шешім қабылданған еді. Бүгінгі күні сол тапсырма іске асып, ауылда жаӊа денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігініӊ ресми сайты.

Нысанныӊ салтанатты ашылуында Алакөл ауданыныӊ әкімі Илібек Жақанбаев құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар Ырғайты ауылдық округініӊ Ақсақалдар кеӊесініӊ төрағасы, Алакөл ауданыныӊ Құрметті азаматы Инуарбек Изімханов та көпшілікке өзініӊ жүрек жарды ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді.

Жаӊа ауылдық дәрігерлік амбулаторияда соӊғы үлгідегі заманауи медициналық қондырғылар орнатылған. Мұнда науқастар мен медициналық көмекке жүгінген азаматтарға сапалы амбулаториялық көмек көрсету үшін барлық қажеттіліктер қарастырылған.

Ауылдық амбулатория құрылысына жергілікті бюджеттен 163,9 млн. теӊге бөлінді. Жұмыстарды "ЭЛМ" ЖШС жүргізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны