07.04.2010, 17:50 3693

Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасарына салақтық туралы айып тағылды - ІІМ

Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасарына салақтық туралы айып тағылды - ІІМ

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасарына салақтық туралы айып тағылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұған дейін тұтқындалған Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаевқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2- тармағы (салақтық) бойынша айып тағылды",- деді ресми өкіл.

Еске сала кетейік, Қызылағаш ауылын су алу ісі бойынша Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаев ұсталды.

" Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында адамдардың өліміне әкеп соққан төтенше жағдай бойынша қылмыстық істі тексеру одан әрі жалғасуда. Бірқатар сараптамалар тағайындалған, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаевты жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде", - деді Қ. Жұманов.

Оның айтуынша, Б. Тынышбаев "кеше ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасында жаңбыр мен ауа температурасының көтерілуі салдарынан 11 наурыз күні сағат 22.20-да тоғанның шығыс жағы бұзылды. Соның салдарынан 3 мың адам тұратын Қызылағаш ауылындағы 257 үйді су алды. Қазіргі мәліметке сәйкес, тасқыннан 44 адам қаза тапқан.

Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында адамдардың өліміне әкеп соққан төтенше жағдай бойынша Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Осы істі ІІМ-нің Тергеу комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 315-бабы (қызметтік әрекетсіздік) және 316-бабы (салақтық) бойынша өндіріске алды.

Жүргізілген тергеу амалдарының барысында Қызылағаш ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар қызметі бастығының орынбасары, Ақсу ауданы төтенше жағдайлар бөлімшесінің бастығы, "Шынар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры мен құрылтайшысы және Су пайдаланушылар арнайы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны