25.09.2017, 15:17 4506

Алматы облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы озық қарқынмен жүзеге асырылуда - Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы Алматы облысында да көп жұмыстардыӊ атқарылып жатқанын атап өтті. Соныӊ ішінде, өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы озық қарқынмен жүзеге асырылуда. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік-транзит салаларында айқын байқалуда.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарын қорытындылап, Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ ахуалы жөнінде айтты.

- Алматы қаласы әкімдігі жұртшылықпен бірлесіп, инфрақұрылымды жүйелі түрде жақсартуға, тұрғындардыӊ жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды табысты атқарып жатқанын атап өткім келеді. Панфилов, Жібек жолы көшелеріне кешенді қайта жөндеу жүргізілді. Жаяу жүргіншілердіӊ серуендеуіне арналған алаӊдар жасақталды. Сондай-ақ, қаланы көгалдандыру, арық жүйесін толық жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Қалада екі аудан - Алатау және Наурызбай аудандары құрылды. Бизнеспен айналысу үшін қажетті жағдайлар жасалды. Қазір мұндағы кәсіпкерлердіӊ белсенділігі арта түсті.

Жалпы, Алматы ірі экономикалық орталық ретінде қалыптасып, еліміздіӊ әлемдік деӊгейдегі заманауи мегаполисіне айналды. Тәуелсіздік жылдарында қала экономикасы қарқынды түрде өсіп, жоғары көрсеткіштерге жетті. Маған ұсынылған мәліметтерге сәйкес, бүгінде Алматы экономикасыныӊ көлемі Грузияныӊ ішкі жалпы өнімінен 2 есе, ал Қырғызстан мен Тәжікстаннан - 5 еседей артық. Бұл - тек қаланыӊ ғана емес, жалпы еліміздіӊ табысты дамуыныӊ көрсеткіші. Қазір Алматы республикалық бюджеттіӊ доноры болып саналады. Ол республика бойынша шағын және орта бизнесті дамытудыӊ үздік көрсеткіштеріне қол жеткізіп отыр, - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Елбасы Алматы облысында да көп жұмыстардыӊ атқарылып жатқанын атап өтті. Соныӊ ішінде, өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы озық қарқынмен жүзеге асырылуда. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік-транзит салаларында айқын байқалуда.

Соӊында Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ өркендеуіне және одан әрі дамуына тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округініӊ аумағында орналасқан "Батыр бабалар" мемориалдық кешеніне барды. Мемлекет басшысы сондай-ақ, облыстыӊ Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев бұған қоса Қарасай ауданындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенініӊ құрылыс барысымен танысқан болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны