30.04.2008, 18:56 6386

Алматы облысының ІІД қызметкерлері ҰҚК бірлесе отырып заңсыз ақша алды деген күдікпен үш полиция қызметкерін тұтқындады

Алматы облысының ІІД қызметкерлері ҰҚК бірлесе отырып заңсыз ақша алды деген күдікпен үш полиция қызметкерін тұтқындады

Алматы. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы ҰҚК бірлесе отырып заңсыз ақша алды деген күдікпен үш полиция қызметкерін тұтқындады. Олардың екеуі ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының шұғыл қызметкерлері болып табылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тұтқындалған полиция қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 313-бабының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта екі қызметкер уақытша тергеу изоляторында, ал үшіншісі ешқайда кетпеу жайында қолхат берген", - деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны