31.03.2017, 21:17 9989

Алматы облысыныӊ Панфилов ауданы мен Татарстан Республикасыныӊ Менделеев муниципалды ауданыныӊ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Татарстан Республикасыныӊ Менделеев муниципалдық ауданыныӊ делегациясымен кездесті.

Талдықорған. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Татарстан Республикасыныӊ Менделеев муниципалдық ауданыныӊ делегациясымен кездесті. Кездесуде мәдениет, ауыл шаруашылығы, сауда және өнеркәсіп салаларындағы байланыс туралы кеӊінен сөз болды.

Шара барысында Менделеев муниципалдық ауданыныӊ басшысы Валерий Чершинцев аудан тарихы мен Менделеев қаласыныӊ өркендеуі, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері, маӊызды әлеуметтік және өнеркәсіп нысандары туралы баяндады. В. Чершинцев Панфилов ауданында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларды - "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА мен Құрғақ порттыӊ зор мүмкіндіктерін көздерімен көргенін айтты.

Өз кезегінде облыс әкімі А. Баталов өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, өзара тәжірибе алмасу әрқашан тиімді нәтиже беретінін де атап өтті.

Осы кездесуге дейін делегация Талдықорған қаласыныӊ көрнекті орындарын аралап, қалалық көп салалы ауруханада, Достық үйінде болды, ал бір күн бұрын Панфилов ауданына барып, Панфилов ауданы мен Менделеев муниципалды ауданыныӊ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны