08.09.2010, 15:12 3874

Алматы облысының полицейлері жолдарда қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады

Алматы облысының полицейлері жолдарда қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы облысының ІІД баспасөз хатшысы Анар Бекбасова хабарлаған.

Талдықорған. 8 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысының полицейлері жолдарда қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы облысының ІІД баспасөз хатшысы Анар Бекбасова хабарлаған.

Оның айтуынша, "12-тамызда Алматы-Өскемен тасжолының 331-шақырымында белгісіз төрт адам Б. деген азамат жүргізіп келе жатқан КамАЗ көлігін тоқтатқан. Тапанша кезеніп, күш көрсету арқылы 1,5 млн теңгені тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған".

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оқиға орнынан қылмыскерлер мінген көліктің болымсыз ғана темір сынығын тапқан. Дәл осы сынық қылмыскерлердің ізіне түзуге мүмкіндік берген. 7-қыркүйек күні Асу АІІД қызметкерлері Алматы қаласында Алматы облысының 4 тұрғынын қолға түсірген",-деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, өз кінәларын мойындаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны