25.06.2018, 22:54 5673

Алматы облыстық ішкі істер департаментінде қару-жарақ музейі ашылды

Мұнан соӊ өӊір басшысы пульті облыс орталығындағы бейнекамераларға қосылған Жедел басқару орталығыныӊ жұмысымен танысты. Атап өтсек, Алматы облысы бойынша қазіргі кезде барлығы 766 бейнекамера орнатылған.

Талдықорған. 25 маусым. Kazakhstan Today - Жуырда Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Қазақстан полициясы күніне орай ІІД қызметкерлерін құттықтап, департамент ғимаратында ашылған қару-жарақ музейі мен телесудияныӊ ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шара алдымен полиция ардагерлері мен қызметтік міндетін өтеу кезінде қаза болған қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнан соӊ бір минуттық үнсіздік орнап, қарудан аспанға оқ атылды.

ІІД бастығы, генерал-майор Мұрат Ұрұмхановпен және ардагерлермен бірге ІІД телестудиясы мен қару-жарақ музейініӊ ашылуына куә болды.

Облыстық "Жетісу" телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылған жаӊа телестудияда журналистер сұрағына жауап берген облыс әкімі өӊірдегі ІІД-да "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жұмыс сапасын арттыруға бағытталған алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Амандық Баталов алдағы уақытта қажет болса, телестудияны жабдықтауға да қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Облыстық ІІД-да Жетісу полициясы қалыптасуыныӊ түрлі тарихи кезеӊдерін қамтитын, мыӊнан астам экспонаты бар музей бұрыннан жұмыс істейді. Енді аталмыш департаментте қару-жарақтарға арналған музей ашылып отыр. Мұнда әзірге 40-қа жуық жәдігер жинақталған. Атап айтқанда, мұнда атыс қаруы мен суық қарудыӊ 12 санаты қойылған, ХІХ ғасырға тиесілі қару еӊ бағалы экспонат қатарында. Полиция қызметкерлерін музейдіӊ ашылуымен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов қызметкерлердіӊ моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуға барлық жағдайлар жасалған релаксация кабинетініӊ жұмысымен танысты. Бұл кабинеттіӊ жұмысы жұмыс сапасыныӊ артуына ықпал етіп отыр. Кабинет жабдықталуыныӊ ерекшелігі туралы ІІД инспектор-психологы баяндап берді.

Мұнан соӊ өӊір басшысы пульті облыс орталығындағы бейнекамераларға қосылған Жедел басқару орталығыныӊ жұмысымен танысты. Атап өтсек, Алматы облысы бойынша қазіргі кезде барлығы 766 бейнекамера орнатылған. Оныӊ ішінде "Қауіпсіз аула" жобасы аясында Талдықорған қаласында 669 камера қойылған. Алдағы уақытта Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Жаркент қалаларына жалпы құны 3,7 млрд. теӊге болатын 754 камера орнату жоспарланған. Орталық қызметкерініӊ айтуынша, облыстыӊ басқа да қалалары мен аудандарыныӊ бейнекамераларын ЖБО пультіне қосу жоспарланып отыр. Амандық Баталов ЖБО жұмысы түрлі заӊ бұзушылықтарды жедел ашуға көмектесетін жүйе болғандықтан қажетті қолдау шаралары көрсетілетінін айтты.

Мерекелік шараныӊ маӊызды бөлігініӊ бірі жас полициейлердіӊ кадет класыныӊ оқушыларымен жүздесуі болды. Жас білімгерлер облыс әкіміне алдағы армандары, осы маӊызды кәсіп оларға несімен ұнайтындығы туралы айтып берді.

Өз кезегінде Амандық Баталов жас кадетшілерге оқуда табыс тілеп, алдағы мақсаттарына жетуіне тілектестігін білдірді.

- Сендер дұрыс таӊдау жасадыӊдар. Кадет класында оқу мінездеріӊді қалыптастыруға, ерік-жігерлеріӊді шыӊдауға, спорттық формаларыӊды сақтауғакөмектеседі. Бұл болашақ мамандықты таӊдауға жасалған үлкен қадам. Еӊ бастысы өздеріӊді, жақындарыӊды күтіӊдер, Отанды сүйіп, мақтан тұтыӊдар. Сендердіӊ жақсы азамат болып өсетіндеріӊе сенемін, - деді А. Баталов кадетшілерге қарата. Балалармен бірге естелікке суретке түсіп, оларға сыйлықтар тапсырды.

Атап өтсек, кадет класы Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі № 7 жалпы білім беретін мектептіӊ базасында құрылған. Оқушылар үшін арнайы мектеп формасы белгіленіп, оқу бағдарламасына құқықтану бойынша қосымша сабақтар енгізілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны