28.07.2017, 19:34 3832

Алматы облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс XIX сессиясы өтті

Сонымен қатар сессия барысында Қарасай ауданы Үшқоӊыр ауылдық округі мен Үшқоӊыр ауылын Шамалған ауылдық округі мен Шамалған ауылы деп атау, Көксу ауданы Еӊбекші ауылдық округі Амангелді ауылыныӊ атауын Зылиха Тамшыбай ауылы деп қайта атау, Қаратал ауданы Үштөбе қалалық округініӊ Опытное ауылын Ойсаз ауылы деп, Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округініӊ Водное ауылын Қайнарлы ауылы деп қайта атау туралы мәселелер қаралды.

Талдықорған. 28 шілде. Kazakhstan Today - Облыс әкімі А. Баталовтыӊ қатысуымен Алматы облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс XIX сессиясы өтті. Сессияда облыстық ІІД-ніӊ жергілікті полиция қызметі тарапынан атқарылған жұмысы туралы Жергілікті полиция қызметініӊ бастығы, полиция полковнигі М. Күштібаев есеп берді.

Сонымен қатар сессия барысында Қарасай ауданы Үшқоӊыр ауылдық округі мен Үшқоӊыр ауылын Шамалған ауылдық округі мен Шамалған ауылы деп атау, Көксу ауданы Еӊбекші ауылдық округі Амангелді ауылыныӊ атауын Зылиха Тамшыбай ауылы деп қайта атау, Қаратал ауданы Үштөбе қалалық округініӊ Опытное ауылын Ойсаз ауылы деп, Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округініӊ Водное ауылын Қайнарлы ауылы деп қайта атау туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар облыс әкімдігініӊ дербес құрамына Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жеӊіс Шылбынұлы Тұяқовтыӊ енгізілуін келісу де күн тәртібіне қойылды.

Аталған мәселелердіӊ барлығы да мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан қолдауға ие болды.

Жиын соӊында депутаттарға арналған "Депутат" газеті мен "Тәуелсіздіктіӊ ақ таӊы" журналыныӊ бас редакторы Эльмира Үсенқызы өӊірдегі бірқатар азаматтарға "Еӊбек даӊқы" төсбелгісі мен Алғыс хаттар табыстады.

Еске сала кетейік, облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен кеше облыс әкімдігініӊ отырысы өтіп, онда өӊірдіӊ биылғы жылғы I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және II жартыжылдыққа арналған міндеттер туралы мәселе қаралды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиында негізгі баяндаманы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Асқар Қожабеков жасады. Баяндамашыныӊ айтуынша, бірінші жартыжылдықта жалпы өӊірлік өнім 3,3 % өсті. Өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 329, 4 млрд. теӊгені құрады. Оныӊ ішінде өӊдеу өндірісі 3,6%-ке өскен. Атап айтқанда, азық-түлік өндірісі - 8%, сусын шығару - 22,3%, фармацевтикада -1,8 есе, машина жасау - 35,2% артқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны