15.04.2008, 17:30 3145

Алматы облыстық прокуратурасы бала асырап алуды реттейтін заңнаманы бұзу оқиғаларын әшкереледі

Алматы облыстық прокуратурасы бала асырап алуды реттейтін заңнаманы бұзу оқиғаларын әшкереледі

Алматы. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облыстық прокуратурасы бала асырап алуды реттейтін заңнаманы бұзу оқиғаларын әшкереледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облыстық прокуратура органдары уәкілетті мемлекеттік органдарда Қазақстан азаматтарының балаларын шетел азаматтарының асырап алу процессін реттейтін заңнаманың сақталуын және 2007 жылғы осындай істерге қатысты сот актілерін тексерді.

Тексеру барысында ҚР "Неке және отбасы туралы" заңының талаптарын бұзу оқиғалары анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша 13 таныстыру жіберіліп, заң бұзушылыққа жол бергені үшін Қаратал ауданы мен Текелі қаласының қамқорлық органдарының 2 маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, облыстық прокуратура облыстық соттың төрағасы мен білім департаментінің директорының атына заң бұзушылықтарды жою жөнінде таныстыру енгізілді.

Облыста 2007 жылы 365 бала асырп алынған, ыоның ішінде туыстары 156 баланы, Қазақстан азаматтары 160 баланы, шетелдіктер 48 баланы асырап алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны