24.12.2007, 17:25 2921

Алматы өзендеріндегі су қорғау аймақтарында 1500 астам әртүрлі нысан орналасқан

Алматы өзендеріндегі су қорғау аймақтарында 1500 астам әртүрлі нысан орналасқан

Алматы. 24-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматының прокуратурасы қала өзендеріндегі су қорғау аймақтарында 1500 астам әртүрлі нысан орналасқандығын анықтады. Бұл туралы бүгін су қорғау аймақтарында жер телімдерін беру және ондағы нысандардың салыну заңдылығын тексеру нәтижесі жөніндегі баспасөз мәслихатында Алматы қаласы прокурорының орынбасары Бағбан Тайымбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматы қаласының прокуратурасының өзен жағалауларын зерттеу жөніндегі қадағалау органдарымен бірлесіп жүргізген тексеруі, қолданыстағы су қорғау белдеулері заңына сәйкес өзен аңғарынан 20 метр қашықтағы шамаланған шекарада 1500 мыңнан астам нысанның орналасқандығын көрсетіп отыр",- деп хабарлады Б. Тайымбетов.

Оның айтуынша, бұл аймақтарда кәсіпорындар, гараждар, көлік тұрақтары, жанармай бекеттері, техникалық көмек көрсету орындары, көлік жуу, көлік дөңгелектерін жөндеу орындары салынған және тұрғын үйлер бой көтерген. Су қорғау аймақтарындағы жер телімдері "жеке меншікке әр уақыттарда және әртүрлі жолдармен, жекешелендіру, сату жолдарымен берілген". Сондай-ақ жер телімдері бағбандық серіктестіктерге де берілген. Сондықтан да оның айтуынша, "су қорғау аймақтарындағы заң бұзушылықтар осы нысандарды алуға байланысты да әртүрлі болып отыр".

Сонымен қатар Б. Тайымбетовтың хабарлауынша, осы учаскелердің айтарлықтай бөлігі 80 - 90 жылдары бөлінген, кейбір бөлігі облыстан Алматының қарауына өткізілген. Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта бағбандық мақсаттарда берілген көптеген жер учаскелерінде рұқсат құжатынсыз тұрғын үйлер салынғандығын айтып өтті.

"Тексеру су қорғау аймақтарында 187 жер беру дерегін, 29 мемлекеттік қор жерін өз бетімен басып алу дерегін, 327 рұқсат құжатынсыз нысан салу және қоршау дерегін анықтап отыр",- деді қала прокурорының орынбасары.

Оның айтуынша, жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарудың екі жолы бар: дау-жанжалды соттың қатысуынсыз және сот жолымен шешу. "Егер жүргізілген келіссөздер өз мақсытына жетпесе және адам өзінің заң бұзғандығын, жер телімі заң бұзушылықпен берілгендігін түсінбейтін болса, онда өкілетті орган сотқа жүгінуге тиіс".

Б. Тайымбетовтың хабарлауынша, прокурор тексеруі нәтижесі бойынша жекелеген жер телімдерінің мемлекет меншігіне қайтарылған. Ол сондай-ақ, бұл проблема кеше ғана туындаған жоқ, себебі жер телімдері 80-ші жылдардан бері беріле бастаған және де "қазір бұл мәселені бір сәтте шешу мүмкін емес. Бірақ заңды қалпына келтіру қажет. Ең болмағанда адамдардың дұрыс суды пайдалануы үшін. Ол сондай-ақ, "бұл жерде барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде прокуратураның да олқылықтары бар екенідігін", атап өтті.

Өтемақы төлеу мәселесіне қатысты прокуратура өкілі, "Заңды қалпына келтіру деген біреудің құқығын бұзу деген сөз емес. Егер адамға жер телімі атқарушы органның шешімімен берілген болса, онда ол кінәлі емес. Бұл жерде нақты айтуға тағы болмайды, мұның бәріне қалай жол берілгендігін қарау керек, өте нақты әрі әралуан көзқарас керек, себебі әрбір жер телімінде әрбір адамның құқығы жатыр. Сондықтан да мен қазір кімге қандай өтемақы төленетіндігі туралы айта алмаймын",- деп қорытындылады.

Прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, су қорғау нысандарындағы су сапасына жүргізілген талдау оның құрамында бірқатар ластайтын заттардың (мұнай өнімдері, органикалық заттар) тиісті мөлшерден артық екендігін көрсетіп отыр. Көптеген өзен жағалауларын тұрмыстық және құрылыс қоқыстары басып қалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны