12.03.2008, 09:59 1356

Алматы полицейлері есірткінің контрабандалық тасымал жолын жапты

Алматы полицейлері есірткінің контрабандалық тасымал жолын жапты

Алматы. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полицейлері 9 наурызға қараған түні 20 кг героині бар есірткі тасымалдаушыны тұтқындады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, қолда бар ақпаратқа сәйкес, аса ірі көлемдегі есірткі заттары Тәжікстаннан Қырғызстан мен Қазақстан арқылы жеткізіліп келген. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлеріне 2007 жылдың соңында белгілі болған.

"Барлық қажетті дәлелдерді жинау үшін біз есірткі контрабандасы мен сатылуына қатысы бар тұлғаларды анықтау, сондай-ақ, оқиға кезінде қолға түсіру жұмысын ұйымдастырдық", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Кебекбаев.

Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет арқылы Алматыға әкелінетін кезекті героин партиясының жеткізілу мерзімі мен орнын анықтаған. Олар героиннің жергілікті тұрғын айдаған "Ауди" автокөлігінде болатыны белгілі еді. Шетел автокөлігін оперативті қызметкерлер кеш түсе Райымбек даңғылында тексерген.

"Жүк салатын бөлімде құпия қуыс табылып, одан ұнтақ тәріздес заты бар 15 полиэтилен дорба шыққан. Барлық дорбалар скотчмен оралған екен. Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 20 килограмнан асып кетті", - деп толықтырды Е. Кебекбаев.

Қазіргі уақытта "Ауди" көлігінің иесінің қылмыстағы рөлі қаншалықты қатысты екендігі анықталып жатыр. Оның тасымалдаушы бол мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, оның көмегімен осы есірткі арнасының артында тұрған ірі есірткі саудагерлерін анықтауға мүмкіндік туады.

"Жыл басынан бері Алматы полицейлері заңсыз айналымнан 42 кг-нан астам есірткі затын алды. Ойын-сауық орындарында есірткінің сатылуы мен пайдаланылуын анықтау мақсатында полиция қызметкерлері қаланың түнгі клубтарына үнемі рейд жүргізіп тұрады. Полицейлердің басты мақсаты Алматыны есірткісіз қалаға айналдыру", - деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны