25.12.2006, 16:02 2832

Алматы полицейлері қаланың жеке тұрғын үй секторын тексеру барысында бірқатар нысандардың басшылары мен бригадирлеріне айыппұл салды

Алматы полицейлері қаланың жеке тұрғын үй секторын тексеру барысында бірқатар нысандардың басшылары мен бригадирлеріне айыппұл салды

АЛМАТЫ. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қаланың жеке тұрғын үй секторы маңайында орналасқан құрылыс нысандарын тексеру нәтижесінде бірқатар нысандардың басшылары мен бригадирлеріне 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде қаланың ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Департамент өкілдерінің айтуынша, құрылыс нысандарын тексеру шаралары 19 желтоқсаннан бері жүргізілуде. Басты мақсат құрылыс және монтаждау жұмыстары барысында жол берілетін азаматтардың тыныштығын бұзу деректерін анықтау.

Полиция қызметкерлері қаладағы 80 құрылыс нысанын тексеріп шықты, оның жиырмасында ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Кодексін бұзуға қатысты 333 дерек анықталды (түнгі мезгілде тыныштықты бұзу)

"Заң бұзғандардың арасында қателіктерін біле тұра, жоюға тырыспаған ірі компаниялар бар. Тіпті кейбірі тапсырыстың жедел орындалуы қажеттігін, түнгі уақытта да құрылысты тоқтату мүмкін еместігін айтып, айыптарынан бас тартты", дейді ІІД.

Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде Алмалы, Иуезов, Жетісу аудандарында түнгі мезгілде құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

Алайда, басқа аудандарда құрылыс жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Соған байланысты қаланың осы учаскелерінде патрульді полиция полктерінен және учаскелік инспекторлардан құрылған патрульдік топтың бақылау шаралары күшейтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны