19.05.2008, 18:08 2863

Алматы полицейлері Қазақстанға әкелінетін халықаралық есірткі тасымалының арнасын жапты

Алматы полицейлері Қазақстанға әкелінетін халықаралық есірткі тасымалының арнасын жапты

Алматы. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Қазақстанға әкелінетін халықаралық есірткі тасымалының арнасын жапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматы қалалық ішкі істер департаментінің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 17 килодан астам героин тәркіледі. Аса ірі көлемдегі халықаралық есірткі тасымалы арнасын жою бойынша операция Тәжікстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесе отырып жүргізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Фурманов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласында Тәжікстан Республикасының азаматынан екі полиэтилен пакет тәркіленген. Сот-химиялық сараптама салмағы 1,5 кг тартатын героин екенін көрсетті. Сондай-ақ, жеке тінту кезінде полиция қызметкерлері ірі көлемдегі ақшаны 18 мың АҚШ долларын тәркілеген. Ер адамның айтуынша, бұл есірткінің ақысы.

"Сонымен қатар, қамауға алынғанның жалдаған пәтерінен спорт сөмкесі табылып, тәркіленген. Онда героині бар 16 полиэтилен түйіншек болған. Ирбір ораманың өзінің арнайы таңбасы болған", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Кебекбаев.

Тәркіленген героиннің жалпы салмағы 17 кг асады. Тұтқындалған ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бірнеше апта бұрын полиция қызметкерлері Тәжікстанның қылмыстық тобының қызметінің тоқтатқан. Сол кезде шұғыл қызметкерлер жеті килодан астам есірткі тәркілеген болатын.

Алматы қалалық ІІД есірткі саудасымен күрес қызметкерлері жыл басынан бері барлығы 196 кило есірткі затын тәркілеген. Оның ішінде 172 кг героин, 18 кг марихуана, 6 кг гашиш бар, деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны