24.08.2007, 16:01 2890

Алматы полицейлері жаңа оқу жылына орай жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар іс-шаралар дайындауда

Алматы полицейлері жаңа оқу жылына орай жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар іс-шаралар дайындауда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 - тамыз. АЛМАТЫ. Алматы полицейлері жаңа оқу жылына орай жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар іс-шаралар дайындауда, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Балалардың қауіпсіздігі үшін бірқатар іс-шаралар жасалынып жатыр. Жұмыс қалалық әкімшілікпен бірлесе жүргізілуде және менің пайымдауымша, біз жаңа оқу жылына орай жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын боламыз",- деді бүгін өткен брифингте Алматының жол полициясы басқармасының бастығы Бақыткелді Айқынбеков.

Атап айтқанда, полиция баланы бүкіл қалпымен бейнелеген макеттер дайындаған, олар мектептерге жақын көшелерде қозғалыс көп жерлерге орнатылады.

Бүгінде полиция Алматынің барлық мектеп мекемелерін тексеріп, 179 мектептің төлқұжатын жасап шықты. Қазіргі уақытта жол белгілері орнатылып, мектеп маңдарында жол белгілері жасалынып жатыр. "Жол полициясының 2005 жылы жасаған балалар қауіпсіздігі бағдарламасы қайта жасалуда, және де ауданда 50 мектепке жол полициясының құрамы таңертеңгі және кешкі уақыттарда мектептердегі балалар қауіпсіздігін қамсыздандыру үшін бөлінеді",- деп атап өтті жол полициясы басқармасының бастығы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны