11.04.2011, 16:44 4419

Алматы полициясы 20 жасар қызды жеңгетайлардың қамауынан босатты

Алматы полициясы 20 жасар қызды жеңгетайлардың қамауынан босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматы полициясы 20 жасар қызды жеңгетайлардың қамауынан босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы полициясы жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірген. Тергеу барысында белгілі болғандай, Түркістан қаласындағы педагогикалық колледждің студенті жеңгетайдың қолына ақпан айының ортасында түскен.

Олар көрікті, әрі сымбатты қызды екі күн сыртынан бақылап жүріп, ретін тауып, үйінің жанында басына қап кигізіп көлікпен ұрлап әкеткен.

"Ауди" автокөлігі Алматыға қарай жол тартқан, кейінен белгілі болғандай, оны қаладағы Фарида есімді жеңіл жүріспен айналысатын әйелге әкелген. Ұрлаған қызды Сейфуллин көшесіндегі қонақ үйлердің бірінің жертөлесіне әкеп қамайды. Олар қызды еріксіз сексуалды қатынасқа мәжбүрлеп, күш көрсеткен. Бірақ жәбірленуші оларға бағынбай, әрдайым қарсылық көрсетіп отырған. Мүмкін, сондықтан да болар, жеңгетай оны сыртқа жібермей, әрдайым сол жертөледе ұстаған",-дейді Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Валерий Козлов.

Ұрланған қыз жөнінде Алматы полициясы өткен сенбі күні таңертең мәлімет алған, арада екі-үш сағат өткенде арнайы топ құрылып Жазира құтқарылып, ал күдіктілер қолға түскен.

"Бұл істе күдіктілердің басшысы 53 жастағы Фарида есімді әйел және оның 31 жастағы көмекшісі. Екеуі де Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғындары. Қазір жәбірленуші ресми арыз жазды. Адам ұрлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олардың бірден екі қылмысқа қатысы бар - адам ұрлау және адамды еркінсіз бостандығынан айыру. Белгілі болғандай, екі ай бойы жәбірленуші көшеге шықпаған, мазақ, қорлыққа шыдаған",-деп атап өтті өз сөзінде полковник В.Козлов.

"Тексеріс барысында қыздың денесінде соққының іздері анықталған. Психологиялық зақым алған жәбірленуші емдеу курсынан өтуде", - дейді тәртіп сақшылары.

Photo: wek.com.ua.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны