20.02.2007, 18:03 3305

Алматы полициясы екі түнгі клубта есірткі тұтыну дерегін әшкереледі

АЛМАТЫ. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы полициясы "Құқық тәртібі" жедел алдын-алу шарасының аясында екі түнгі клубта есірткі тұтыну дерегін әшкереледі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІД-нің төрағасы Ерлан Тұрғымбаев хабарлады.

"ІІД есірткіге қарсы күрес бақармасы қызметкерлері аталған орындардан героин есірткісін сатып оны пайдаланған 35 жастағы әйел мен бұрын ұрлығы үшін сотты болған 32 жастағы ер адамды қолға түсірді",- деді Е.Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, кблубтардың әкімшілігіне қатысты "заңда белгіленген тәртіпке сәйкес іс-қызметін тоқтату мен лицензиясын қайтарып алуға қажетті материалдар жиналды". Осы орапйда Е.Тұрғымбаев былтыр рейд қорытындылары бойынша үш түнгі клубқа қатысты істің сотқа жолданғанын еске салды.

Жалпы алғанда шара аясында тәртіп сақшылары Алматыдағы 22 түнгі клубтың 19-ын тексерді.

Полицияның ақпаратына сәйкес, ақпанның 14 мен 20 аралығында 55 есірткі қылмыстары, 35 есірткі сату деректері анықталды. Заңсыз айналымнан 1 кг астам есірткі заттары, соның ішінде 946,0714 грамм героин тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны