19.05.2010, 17:31 2561

Алматы полициясы ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқан әйел Біріккен Араб Имірліктерінде ұсталды

Алматы полициясы ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқан әйел Біріккен Араб Имірліктерінде ұсталды

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы полициясы ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқан әйел Біріккен Араб Имірліктерінде ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"17 мамырда Қазақстанның "Интерпол" Ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша Біріккен Араб Имірліктерінде Тарбия Ибдірахманова деген азаматша ұсталды. Ибдірахманованы тұрғын үй-құрылыс саласында ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігі) Алматы қаласының ІІД өткен жылдың ақпан айында, ал халықаралық іздестіруге желтоқсан айында жариялаған болатын",- деді ІІМ өкілі.

Қазіргі уақытта Біріккен Араб Имірліктеріне жолдау үшін экстрадициялық материалдар дайындалып жатыр, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны