11.12.2006, 13:55 2824

Алматы полициясы "Құқық және тәртіп" атты алдын алу іс-шараларын өткізуде

АЛМАТЫ. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы полициясы 10-13 желтоқсан аралығында "Құқық және тәртіп" атты жедел-алдын алу шарасын өткізуде деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіне калалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарламасында аталған іс-шара "қаладағы ахуалды сауықтыру, ушыққан жағдайда дер кезінде әрекет ету, қала көшелері мен қоғамдық орындарда қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында" жүргізілетіні айтылған.

Жедел-алдын алу шаралары аясында заңсыз әрекет етумен айналысып жүрген тұлғаларды анықтау мақсатында базарлар мен сауда орындары, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартатын кәсіпорындар мен ұйымдар тексерілмек. Сондай-ақ, іс-шараның мақсаты - жезөкшелік пен жеңгетайлық деректерін анықтау, жастар шоғырланған ортаға есірткі заттарының кіру жолдарын жою болып табылады.

Полиция мәліметтері бойынша іс-шара жүргізілген бірінші тәулікте 397 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, іздеуде жүрген бес қылмыскер құрықталған. Тоғыз есірткі заттарын сақтау және өткізу деректері тіркелген. 32 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны