08.12.2006, 12:42 3187

Алматы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады

АЛМАТЫ. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚКБ) қызметкерлері қаланың қылмыстық ахуалын тексеру кезінде жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, қылмыскерлердің 27 жастағы А. есімді іскер азаматтан көп мөлшерде ақша талап еткені анықталды.

Жақында Алматы қаласының ІІД ҰҚҚКБ мен "Арлан" арнайы жасақтары бірлескен сәтті жүргізген шара нәтижесінде қаланың Бостандық ауданында орналасқан кафенің бірінде үш күдікті ұсталды. "Қылмыскерлерді кезекті ақша беру сәтінде ұстадық. Бұл жолы олар жәбірленушіден 640 мың теңгені талап еткен",- деп хабарлады Алматы қаласының Ішкі Істер Департаментінің ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасының бастығы , полиция полковнигі Валерий Козлов.

Ең үлкені -24 жаста, ал кішісі - 20 жасқа толған. Үшеуі де Шығыс Қазақстан облысынан келген болып шықты. Алматыда олар жалдамалы пәтерде тұрған. Ұсталғандардың күнделікті табыс көздері болмаған және бұрын басқа қылмыстары үшін сотталған. Аталмыш қылмыстық топтың тағы бір мүшесі полицейлердің назарына түсіп үлгерді. Бүгінгі күні оны қолға түсіру шаралары ұйымдастырылуда.

Қазірде заң бұзушылар қамауға алынды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Жыл басынан бері Алматы қаласының ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері 177 қылмысты анықтап, әшкереледі, олардың - 19-ы бопсалау қылмыстары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны