26.07.2018, 18:04 7517

Алматы тау кластерініӊ бүкіл аумағында белсенді тынығуға арналған жыл бойғы объектілер пайда болады

Алматыда Алматы және Алматы облысы тау кластерін дамыту бойынша мастер жоспар әзірлене бастады.Мастер жоспарды әзірлеу ағымдағы жылдыӊ қараша айыныӊ соӊына дейін созылады деп болжануда.

Алматы. 26 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда Алматы және Алматы облысы тау кластерін дамыту бойынша мастер жоспар әзірлене бастады. Құжат тау шаӊғы курорттарын, хайкингке арналған тау соқпақтарын, ұзындығы 500 шақырым, цифрлап белгіленген велосипед маршруттарын және треккингті көздейді. Мастер жоспар "Шымбұлақ", "Табаған", "Лесная Сказка", "Ақ Бұлақ", "Тау Парк", "Алматау" және т.б. сияқты тау шаӊғы курорттары мен базаларын қамтиды деп болжануда.

Құжатты Алматыныӊ және Алматы облысыныӊ әкімдіктері, Іле-Алатау ұлттық саябағы, "Қазақ туризм" және "Мастерконцепт" компаниялары әзірлей бастады. Мастер жоспардыӊ тұжырымдамасын талқылау жөніндегі топқа мемлекеттік органдардыӊ, туризм саласындағы халықаралық компаниялардыӊ, қоғамдық қорлардыӊ, туристік қауымдастықтардыӊ, ЖОО-ныӊ, спорттық туризм федерациясыныӊ өкілдері кірді.

"Қаланыӊ орталығы мен әуежайдан 30 минут жерде орналасқан таулар экотуризмді дамыту үшін орасан зор әлеует болып табылады және тау кластерін дамыту мәселесіндегі біздіӊ жұмысымыз жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Туристтер Алматыға белсенді қызығушылық білдіретіндіктен, мастер жоспарды әзірлеу өте маӊызды. Шетел туристері сапарларыныӊ 40% Алматыда өтеді. "Economist Intelligence Unit" рейтингі бойынша мегаполис өмір сүру үшін еӊ арзан қалалардыӊ тізімінде 3-орынға ие. Соӊғы үш жыл ішінде туристер саны орта есеппен - 14%-ға, ал өткен жылы 20%-ға артты", - деді Алматы әкімініӊ орынбасары Асель Жүнісова.

Икімніӊ орынбасары Visit Almaty туристік ақпарат орталығы өткізген турист бейінін зерттеу деректеріне сәйкес, Еуропадан және Азиядан келген шетел туристерініӊ 60% Алматыны табиғаты бүлінбеген жер ретінде таӊдайтынына, ал қазақстандық туристердіӊ 55% түрлі белсенділіктердіӊ өткізілуі және ойын-сауықтардыӊ бар болуы себебімен келетініне ерекше назар аударды.

"Мастерконцепт" компаниясыныӊ мастер жоспарды әзірлеуге маманданған аймақтық өкілі Асқар Валиевтыӊ айтуы бойынша, жоспарды әзірлеген кезде тау кластерін дамыту үшін еӊ негізгі қажеттіліктер ескерілді.

"Біз демалушыларға арналған жыл бойғы белсенділіктердіӊ түр-түрін, ішкі туристке арналған тартымды табиғи саябақтарды және халықаралық туристке арналған тау шаӊғы бағытын жасау қажет деп санаймыз. Сонымен бірге 3 аумақтық кластерді, 7-ден 10 дейінгі курортты, 95 шақырымға дейінгі арқан жолды, 250 шақырымнан астам трассаларды, шамамен 3 мыӊ орналастыру орнын құру қажет", - деп ескертті Валиев.

Мастер жоспарды әзірлеу ағымдағы жылдыӊ қараша айыныӊ соӊына дейін созылады деп болжануда.

Visit Almaty ТАО туралы ақпарат

Visit Almaty ТАО туристерге Алматы және Алматы агломерациясында уақыт өткізу мүмкіндіктері туралы ақпаратты күнделікті ұсынады.

Орталықтыӊ міндеттері - туристік өнімдерді халықаралық және ішкі нарықтарда алға жылжыту. Visit Almaty жұмысыныӊ маӊызды бөлігі туристік әлеуетті алға жылжыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру, рейтингтер, өӊірдіӊ бәсекеге қабілеттілігі және туризмніӊ даму мүмкіндіктері талдауын жүргізу, сондай-ақ осы салада зерттеулер жүргізу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны