26.02.2008, 13:53 3191

Алматы тұрғындары полицияға 20 аса қару өткізді

Алматы тұрғындары полицияға 20 аса қару өткізді

Алматы. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" -Өз еркімен қаруды тапсыру жөніндегі акциясы басталғалы Алматы тұрғындары полицияға 20 аса қару өткізді. Бұл туралы агенттікке Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының ІІД лицензиялық рұқсат беру бөлімінің деректері бойынша тапсырылған қарулардың басым бөлігі қолдан жасалған қару, газ тапаншалары, тегіс оқпанды қарулар болды. Тұрғындар аудандық ішкі істер басқармасына ешқайда тіркелмеген қаруларды әкеліп, ақы алу үшін оны мемлекетке тапсыруда.

"Қала тұрғындары арасында өз еркімен қару-жарақтарды тапсыру жөнінде үгіт насихат жүргізілуде. ІІД барлық бөлімшелерінде, полиция учаскелерінде, көші -қон және жол полициясында, сондай-ақ халық көп жүретін (ХҚКО, әуежайда, теміржол вокзалында, көлік вокзалында, базарларда, көңіл көтеретін ғимараттарда) жерлерде арнайы акцияның жүргізіліп жатқандығы жөнінде үгіт-насихат плакаттары мен хабарламалар қойылған ", - деп хабарлайды полиция майоры Ерлан Мейманқұлов.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, бүгінгі күні тапсырылған қарудың тек бір бөлігін ғана сатып алу мәселесі қойылып отыр. Оған жұмсалатын қаржы 300 мың теңгені құрайды.

Жалпы Алматы қалалық ІІД рұқсат беру жүйесінде 39 мың қару және газ тапаншасы иелері және бес жүзден аса арнайы нысан тіркеуде тұр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР ІІМ тұрғындардың заңсыз сақтап жүрген қаруларды және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру жөнінде іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны