31.03.2011, 17:14 8012

Алматы тұрғынынан 2 килограмнан астам героин тәркіленді

Алматы тұрғынынан 2 килограмнан астам героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматы тұрғынынан 2 килограмнан астам героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 29 наурыз күні Жамбыл облысының Луговая стансасында жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде көлік полициясының қызметкерлері Алматы қаласының тұрғыны - 30 жасар азаматшаны құрықтады. Жеке тінту кезінде одан салмағы 2 кг 200 грамм болатын героин есірткісі табылды.

Ұсталған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, енді оны дүние-мүлкін тәркілеу мен үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр. Ұсталған азаматша уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны