28.04.2018, 13:14 6437

Алматы - туризмді дамытуға қажетті елеулі әлеуетке ие өӊір

А.Мамин Алматы мен Алматы облысы географиялық, тарихи және табиғи ерекшеліктеріне байланысты туризмді дамытуға қажетті барынша елеулі әлеуетке ие өӊір екенін атап өтті.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы өӊірінде туризмді дамыту мәселелері бойынша кеӊес өткізді, деп хабарлайды KazakhstanToday.

А.Мамин Алматы мен Алматы облысы географиялық, тарихи және табиғи ерекшеліктеріне байланысты туризмді дамытуға қажетті барынша елеулі әлеуетке ие өӊір екенін атап өтті.

Кеӊесте сөз сөйлеген Алматы әкімі Бауыржан Байбек өз сөзінде мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес мегаполисте экономиканыӊ жаӊа драйвері ретінде туризмді дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. "Туризмді дамыту бойынша 100 қадам" атты қалалық бағдарлама жасалды, Алматы экономикасыныӊ 87%-ын қызметтер сервисі иемденеді, Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік қонақ оӊтүстік астанаға келеді.

ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлыныӊ хабарлауынша, "2018 жылдыӊ аяғына дейін Алматы және Астана арқылы қатынаушы Қытай және Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит іске қосылады. Таяу уақыттарда бұған қоса оларға арнап пилотты режимде электрондық визалар қолданысқа енгізіледі". Оныӊ айтуынша, Алматы облысында Медеу, Шымбұлақ, Ақбұлақ, Табаған негізінде тау кластерін дамыту; тақырыптық парктер салу, оныӊ ішінде "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығыныӊ аумағында тақырыптық парк салу; Үлкен Алматы каналын бойлай туристік-спорттық аймақ салу секілді ірі якорлық инвестициялық жобалар іске қосылады.

Алматы облысы әкімініӊ орынбасары А. Байжановтыӊ айтуынша, ағымдағы жылы Үшарал-Достық жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды, ол аяқталғанда туристер Алакөлге ыӊғайлы жағдайда жете алады. Балқаш өзеніне дейінгі 140 шақырым жол жөнделеді. Көлсай өзендеріне дейінгі жол толығымен жөнделді.

Кеӊес қорытындысы бойынша бірінші вице-премьер Алматы мен Алматы облысында туризмді дамыту бойынша Жол картасын сапалы жүзеге асыруды және оған бағытталған кешенді бірлескен іс-шараларды іске асыру қажеттігін атап көрсетті.

А. Мамин Алматы мен Алматы облысы әкімдіктеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмаларды жүктеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны