11.06.2014, 20:01 4853

Алматы ҰБТ қорытындысы бойынша көш бастап тұр

"Соңғы жылдары білім саласын қаржыландыру екі есе өсті. Егер 2008 жылы 22,2 млрд. теңге бөлінген болса, биылғы бөлінгені - 46,9 млрд. теңге. Осы кезең ішінде 14 жаңа мектеп, 4 мектеп қосымшалары салынды. Олардың барлығы лайықты жабдықталған. Қалада мыңдаған үздік мұғалімге арнайы сыйақы бөлінген", - деді Ахметжан Есімов.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов алматылық мектеп түлектері - 178 лицейден Айғаным Ибіжапар мен 159 гимназиядан Исия Маратпен кездесті. Бұл екеуі де ҰБТ-дің қорытындысы бойынша биыл ең жоғары 125 балл жинап, "Алтын белгі" иегерлері атанды.

Жалпы, Қазақстан бойынша небәрі 4 оқушы ғана жоғары балл жинады.

Алматы әкімі екі мектеп түлегін жоғары нәтижелерге жеткендерімен құттықтап, алдағы оқуларына сәттілік тіледі. Мегаполис басшысы қазіргі заманға лайық сапалы білім алу үшін қалада барлық жағдайлардың жасалғандығын атап өтті.

"Соңғы жылдары білім саласын қаржыландыру екі есе өсті. Егер 2008 жылы 22,2 млрд. теңге бөлінген болса, биылғы бөлінгені - 46,9 млрд. теңге. Осы кезең ішінде 14 жаңа мектеп, 4 мектеп қосымшалары салынды. Олардың барлығы лайықты жабдықталған. Қалада мыңдаған үздік мұғалімге арнайы сыйақы бөлінген", - деді Ахметжан Есімов.

Бірыңғай Ұлттық Тестілеу бойынша Алматының жинаған орташа баллы - 93,4 (өткен жылғысы - 87,25), бұл республикалық көрсеткіштен едәуір жоғары. Бес алматылық оқушы 124 баллдан жинады.Оның үстіне, 173 түлек "Алтын белгіге" лайық екендіктерін дәлелдеді, 35 мектептің 1831 оқушысы (37,4%) 100 баллдан артық жинады, бұл өткен жылғыдан 14,1%-ға жоғары, деп қала әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Осылайша, Алматы биыл үшінші рет қатарынан Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда ҰБТ-дің қорытындысы бойынша бірінші орында тұр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны