06.10.2008, 15:53 1675

Алматы ҰҚКД қызметкерлері кәсіпкерді ұрлағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады

Алматы ҰҚКД қызметкерлері кәсіпкерді ұрлағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады

Алматы. 6 қазан. ""Қазақстан Бүгін"" - Алматы ҰҚКД қызметкерлері бір жанар-жағармай стансасының қожайыны болып табылатын кәсіпкерді ұрлағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 мүшесін құрықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментіне келген азаматша өзінің күйеуін элдебір бөгде адамдар ұрлап әкетіп, сол үшін 50 мың АҚШ долларын талап етіп жатқаны туралы арызбен келген.

2008 жылдың 30 қыркүйегінде Департамент жүргізген жедел шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған жанар-жағармай стансасының иесін күшпен ұрлап әкеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 мүшесі колға түсті. Олар бизнесменнің туыстарынан ipi келемде ақша талап еткен. Ал, бұған дейін қарақшылар жеке кәсіпкердің кызметі, жұмыс уақыты, қайда барып, кайда келетінін аңдумен болған. Сөйтіп, кәсіпкердің Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы тұратын жерін біліп алып, түнгі уақытта оның жұмыстан қайтқан кезінде сойылға жығып, Қапшағай жолымен қала сыртына алып кеткен.

Бұған қоса, бизнесменнің қасындағы жүргізушісін де металл темірмен ұрып жығып, ол сол күні Іле аудандық ауруханасына ауыр жағдайда жансақтау бөлімшесіне түскен. Жүргізуші ауруханада қайтыс болған.

Тұтқынға түскен азаматты содырлар Алматыдан 37 шақырьм қашықтықтағы жүгері eгістігіне апарып, қол-аяғын байлап, 6ip тәулік бойы ұрып-соғып, ақша талап еткен. Соққының астында қалған жеке кәсіпердің амалы таусылып, өзін ұрлап алып кеткендердің айтқан шартына көнеді де, туыстарына олардың айтқан ақшасын тауып беруді сұрап, телефон соғады.

Осы жылдың 30 қыркүйегінен 1 қазанға қараған түні департамент кызметкерлері арнайы бөлімшенің сарбаздарымен бірлесе отырып, тұтқынды құтқаруға бағытталған арнайы операцияны сәтті өткізді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық 9 мүшесі қолға түсті.

Қазіргі кезде аталмыш факт бойынша ?ҚКД тергеу басқармасы 3 кылмыстық ic қозғады. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.

Осыған орай, бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да заңсыз әрекеттерге қатыстылығы бар ма деген күдікпен тексерілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны