Система Orphus

Алматы ҰҚКД өткен жылы тоғыз есірткі сатушы топты жойды

28.02.2008, 17:02 832

Алматы. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы ҰҚКД өткен жылы тоғыз есірткі сатушы топты жойды. Бұл туралы кеше Алматы қалалық ҰҚКД бастығы, генерал-майор Нұржан Мырзалиев қалалық мәслихаттың кеңесінде құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Идетте есірткі саудасы ұйымдасқан сипатта болғандықтан, біз қылмыстық тізбектің барлық бұтақтарын анықтау мен қылмыстық жауапкершілікке тартуға назар шоғырландырудамыз. Мәселен, егер 2005 жылы екі ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленсе, 2006 жылы - төрт, ал былтыр тоғыз топ, соның ішінде жеті халықаралық есірткілік топ жойылды", - деді Н. Мырзалиев.

Оның айтуынша, ауқымды арнаулы іс-шараның нәтижесінде еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстікке есірткілік заттарды заңсыз жеткізу арнасы анықталып, Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топтың үш шешен мүшесі қолға түстіп, Алматыда 40 килограмм апиын мен 4 килограмм героин тәркіленді.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысынан Алматыға есірткі жеткізілетін ішкі арна анықталып, операция барысында 14 килограмм героин тәркіленді.

"Көп кезеңді арнаулы операция өткізу нәтижесінде Германия, Польша, Литва елдерінен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстанға кокаин мен психотроптық заттар жеткізіліп келген екі халықаралық контрабандалық арна әшкереленіп, жойылды. Осы іс-шараның барысында Қазақстан, Украина мен Қырғызстан азаматтары ұйымдастырған қылмыстық қоғамдастықтың мүшелері құрықталды. Заңсыз айналымнан кейінгі он жыл ішіндегі Қазақстандағы ең ірі кокаин партиясы, синтетикалық препарат экстазидің жүздеген таблеткасы шығарылды", -деді ҰҚКД төрағасы.

Оның айтуынша, бұған қоса, аса ірі көлемде экстази психотроптық таблеткаларын сату барысында Еуропалық Одақ елдерінен Қазақстанға психотроптық заттарды тасымалдау арнасын жолға қоюшы ұсталып, одан 600 жуық экстази таблеткасы мен бір жарым килограмм марихуана табылып тәркіленді.

Шілде айында орталық аппаратпен мекеменің бірлескен операциясының барысында Жамбыл облысынан Алматыға есірткілік заттар тасымалданатын ішкі арна анықталып жойылды. Арнаулы шараның соңғы сатысында есірткі саудасына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі мен топтың жетекшісі - Жамбыл облыстық ІІД-нің криминалдық полициясының қызметкері құрықталды.

Жалпы алғанда 2007 жылы есірткі саудасымен күрес желісі бойынша заңсыз есірткі айналымына қатысты 17 деректің алды алынып, 6 халықаралық және 4 ішкі есірткі тасымалы арнасы жойылып, 34 адам, соның ішінде 12 шетел азаматы ұсталып, 10 адам ұзақ мерзімге сотталды.

Тұтастай алғанда 285 килограмм есірткі, соның ішінде 44 кг героин, 181 кг апиын, 555 грамм кокаин, 60 килограмм марихуана мен гашиш және 800 экстази таблеткасы тәркіленді. Осы орайда департамент өткен жылы тәркілеген апиын мен героин (225 килограмм) Алматыда тәркіленген "қуатты" есірткінің 88%-ын және Қазақстанның барлық құқық қорғау және арнаулы органдарының тәркілеген есірткісінің 27%-ын ( жалпы 854 килограмм) құрайды.

"ҰҚК-нің орталық аппаратының және тәуелсіз ЮСАИД сарапшыларының бағалауынша, біз қолданған шаралар халықаралық есірткі сатушы қоғамдастықтың тактикасына өзгерістер енгізді, олар өздерінің транзиттік өткізу базаларын Алматыдан Қарағанды облысына көшірді. Ірі шығынға ұшырамау үшін олар жіберілетін есірткі партияларын ұсақ партияларға бөлшектеуге кірісті", - деді Н. Мырзалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны