14.04.2008, 15:05 3189

Алматы ҰҚКД-нің қызметкерлері Алматы облысындағы бір ауылдық округтің әкімін пара алу сәтінде қолға түсірді

Алматы ҰҚКД-нің қызметкерлері Алматы облысындағы бір ауылдық округтің әкімін пара алу сәтінде қолға түсірді

Алматы. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы ҰҚКД-нің қызметкерлері Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Н.Ибдіғұловты ірі көлемде пара алу сәтінде қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тағы осы іс бойынша әкімшіліктің бас маманы С. Ізтілеуов пен делдал ролін атқарған оның інісі А. Ізтілеуов ұсталды.

"Н.Ибдіғұлов пен С. Ізтілеуов екі жер телімін беру жөнінде оң шешім шығару үшін пара ретінде $47 мың талап еткен", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "алынған мәліметтерді легализациялау аясында 7 сәуір күні Н.Ибдіғұлов пен С. Ізтілеуовтың алдын ала төлем ретінде 600 мың теңге алу дерегі құжатқа түсірілді".

Департамент қызметкерлері 11 сәуірде параның қалған бөлігі - 4 млн. 240 мың теңгені алу кезінде әлгі үшеу ұсталды. Департаменттің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Н.Ибдіғұлов пен С. Ізтілеуов ҰҚКД тергеу абақтысына қамалды.

Бұған қоса департамент қызметкерлері бұдан басқа да бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстырдың жолын кесті. Атап айтсақ, 10 сәуірде Түріксіб аудандық әкімшілігінің бас маманы Д. Ысқақ пара алып жатқан сәтте қолға түсті, ол "жеке кәсіпкерден Түріксіб ауданындағы бір базардан сауда орнын беру үшін 3,5 мың АҚШ доллары көлемінде пара бопсалаған". Қазір ол қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы ҰҚКД-нің баспасөз қызметі.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің аға оқытушысы Қ. Таңатарова 10 сәуірде "90 мың теңге көлшемінде заңсыз сыйақы алып жатқан сәтте ұсталды". Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны