14.07.2017, 20:06 6213

Алматы және Жамбыл облыстары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бұл келісімге Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ шақыруымен келген Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкрекбаев бастаған облыс делегациясыныӊ Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында қол жеткізілді.

Талдықорған. 14 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы және Жамбыл облыстары сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалар бойынша өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл келісімге Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ шақыруымен келген Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкрекбаев бастаған облыс делегациясыныӊ Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында қол жеткізілді. Жұмыс сапарыныӊ басты мақсатыныӊ бірі - Жетісу өӊірінде қант қызылшасын жандандырудағы облыстыӊ сәтті жүзеге асырып жатқан тыӊ технологияларымен танысу болып табылды.

Бірінші кезекте Жамбыл облысынан келген делегация Көксу ауданындағы "Алим-Таяр" шаруа қожалығыныӊ қант қызылшасы алқабына ат басын бұрды.

Бұл шаруа қожалығы қант қызылшасы, пияз, майбұршақ және бақшалық көкөністерді өсірумен айналысады. Өткен жылы 53 га алқапқа қант қызылшасын егіп, одан гектарынан орташа есеппен 350 центнерден өнім алған болса, ағымдағы жылы қызылша алқабыныӊ көлемін 60 гектарға дейін арттырып отыр. Ағымдағы жылы егілген тәтті түбірдіӊ әр гектарынан орташа есеппен 600 центнерден, жалпы салмағы 3600 тонна қант қызылшасын жинауды көздеуде.

Шаруа қожалығыныӊ басшысы Таяр Зейналовтыӊ айтуынша қант қызылшасын өсіру - бүгінгі күні қайта тиімді іске айналды. Бұл үлкен еӊбекті талап етеді, алайда дәл қазіргідей мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдаудыӊ арқасында оныӊ өтеуі көӊілден шығады. Еӊ бастысы қалаған уақытта өткізетін өніміӊді қабылдайтын қант зауыттары бар.

Шаруашылық қожайыныӊ сөзінен кейін делегация мүшелері Көксу қант зауытымен танысуға аттанды. Қазір мұнда зауытты жаӊғыртудыӊ екінші кезеӊі жүргізіліп жатыр. Іске асырылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғаған кәсіпорын басшысы Алтынбек Абатов:

-Ағымдағы жылы құны 1 млрд. теӊгеге Көксу қант зауытын модернизациялаудыӊ екінші кезеӊін жүргізіп жатырмыз. Зауытқа бүгінде қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді. Сондай-ақ әктеу-күйдіру пешін, жылу электрцентралын толықтай автоматтандыруды, жылдам жылытқыш құрылғыларын орнатуды және "Grimme" фирмасыныӊ үймелеуші техникасын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Атқарылып жатқан жұмыстардыӊ арқасында ағымдағы жылы 220 мыӊ тоннаға дейін қант қызылшасын өӊдеп, одан 25 мыӊ тонна дайын қант алуды көздеудеміз.

Облыс әкімі Амандық Баталов өткен жылы зауыттыӊ 220 мыӊ тонна қант қызылшасын қабылдап, одан 22 мыӊ тонна таза қант өндіргендігін және биылдан бастап облыста Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

- Елбасыныӊ Жетісу өлкесіне қант қызылшасыныӊ өсіруші өӊір атағын қайта жаӊғырту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында облыста кешенді жұмыстар атқарылды. Қазіргі күні тұқым мен тыӊайтқыштарды сатып алудан бастап, шыққан өнімді өӊдеуге жіберуге дейінгі барлық мәселелер жан-жақты талданып, бір жүйеге келтірілді. Қазір біз келешекке жұмыс істеудеміз. Яғни Ақсу қант зауытын іске қосқалы жатырмыз. Келешекте Алфкөл ауданында облысымыз бойынша үшінші қант зауытын іске қосу жоспарымыз да бар. Бұныӊ барлығы шаруаларға жайлы жағдай туындататындығы белгілі, оныӊ үстіне жыл сайын тәтті түбір өндірушілердіӊ саны артып келеді. Егер бас кезінде бұл бағытта 120 шаруа қожалығы айналысқан болса, қазіргі күні олардыӊ саны 250 жетті, - деді А.Баталов.

Сондай-ақ әлеуметтік, мәдени және өнеркәсіптік нысандар да делегацияныӊ назарынан тыс қалмады. Атап айтар болсақ, қаладағы Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, "Жастар" паркі, Қаратал өзенініӊ жағалауы, қаладағы орталық бассейнімен танысты. Қаланыӊ Оӊтүстік-батысында орын тепкен "Талдықорған" индустралды аймағы да қонақтардыӊ ерекше ықыласына бөленді. Жақын болашақта бұл аймақ қаланыӊ ірі өнеркәсіптік алаӊы болмақ.

Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкрекбаев атап өткендей, қаладағы әрбір нысан өз алдына ерекшелігімен және қайталанбас сәулетімен көзге түседі. Үйренетін және үлгі аларлық жобалар да баршылық.

-Талдықорған заманауи әрі өте әдемі қала! Қалаға кіре берістен бастап әрбір ғимарат, әрбір нысан шынайы пейілмен, жан дүниесін сала отырып орындалған. ұсақ тетіктеріне дейін егжей-тегжей қарастырылған. Бұл әсіресе қаланыӊ көшелерінде орнатылған заманауи электр қуатын үнемдейтін жарықдиодты көше шамдарынан, қаланыӊ көгалдандырылуынан ерекше байқалады. Қаланыӊ көшелеріне сапалы жол төсемдері жайылғандығы бәрі көзге бірден түседі. Пайдалануға беріліп жатқан әрбір нысан тұрғындардыӊ жайлы өмір сүруіне ыӊғайластырылып, ұзақ жылдарға сапалы салынғандығы қуантады. Қала тұрғындарыныӊ атқарылып жатқан іске көӊілдері толады деген сенімдемін. Қаратал өзенініӊ жағалауын абаттандыру және "Жастар" паркініӊ жобасы бізді қатты қызықтырды. Үлгі ретінде алмақ ойымыз бар. Осы типтегі жағалауды Тараз қаласындағы Талас өзенініӊ бойында да салмақ ойдамыз, - деді Жамбыл облысыныӊ әкімі.

Осыдан кейін облыстық әкімдіктіӊ мәжіліс залында алдағы уақыттағы қос облыстыӊ ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Алматы облысыныӊ экономикалық даму көрсеткіштерін атап өткен Амандық Баталов:

-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ берген маӊызды тапсырмаларыныӊ бірі өӊіраралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Осы мақсатта біз Жамбыл облысымен ынтымақтастығымызды дамытқымыз келеді. Ир өӊірдегі жақсы істі үлгі етіп, өз облысыӊныӊ аумағында жүзеге асыру арқылы қарқынды дамуға мүмкіндік туады. Жамбыл облысы - өндірістік өӊір, ал Алматы облысы - аграрлық өӊір. Сол себепті әр облысқа бір-бірімізден аларымыз да, үйренеріміз де мол. Бұл әріптестігіміз алдағы уақытта екі облыстыӊ барлық салалар бойынша дамуына өзініӊ үлкен септігін тигізетіндігіне сенімдімін, - деп атап өтті Амандық Ғаббасұлы.

Өз тарапынан Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкрекбаев та облыстыӊ экономикалық даму әлеуетімен таныстырып, Жетісу жеріне жасаған жұмыс сапарыныӊ нәтижелі болғандығын, бұл кездесудіӊ облыстардыӊ дамуына, соныӊ ішінде қант қызылшасы саласын дамытуда оӊ ықпалын тигізетіндігіне сенім білдірді.

Кездесу соӊында қос тарапқа да тиімді даму жоспарларын екіжақты ынтымақтастық меморандумымен бекітті. Облыстар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалар бойынша өзара ынтымақтастығын әрі қарай дамытатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны