21.04.2015, 16:16 3376

Алматы жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамып келеді - А.Есімов

Қаӊтар-наурыз айларында бірде-бір сала көрсеткіші төмендеген емес. Осы кезеӊ ішінде сауда мен көлік қызметі, құрылыс, байланыс және басқа да салалар айтарлықтай өсті. Өнеркәсіп саласында жалпы сомасы 157,1 млрд. теӊгеніӊ өнімі шығарылды, бұл өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Өӊдеу өндірісінде өнім шығару 9,3% артты

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімдігінде мегаполистіӊ 2015 жылдыӊ бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қаӊтар-наурыз айларында бірде-бір сала көрсеткіші төмендеген емес. Осы кезеӊ ішінде сауда мен көлік қызметі, құрылыс, байланыс және басқа да салалар айтарлықтай өсті. Өнеркәсіп саласында жалпы сомасы 157,1 млрд. теӊгеніӊ өнімі шығарылды, бұл өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Өӊдеу өндірісінде өнім шығару 9,3% артты, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Инвестиция тартуда, ШОБ секторын несиелеуде оӊ тренд байқалады.

"Қала әкімдігі Даму қорымен меморандум жасаған болатын, соныӊ арқасында алматылық бизнес қосымша несие ресурстарына қол жеткізе алады. Бүгінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудыӊ өзіміздегі барлық көздерін пайдалану өте маӊызды", - деп атап өтті әкім.

Тұрғын үй құрылысында да алға жылжушылық байқалады. Мысалы, биылғы жылдыӊ алғашқы тоқсанында 479,0 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 2,1% көп. Құрылыстыӊ негізгі үлес салмағы (78,4%) жеке меншік компанияларға тиесілі. Жыл аяғына дейін құрылыс саласыныӊ қарқынына "Нұрлы жол" бағдарламасы оӊ ықпал етпек, өйткені осы бағдарлама аясында 2015 жылы тұрғын үй құрылысына 10 млрд. теӊге бөлінетін болады.

Бүгін әкім берген тапсырмалардыӊ арасындағы маӊыздылары - әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізуді одан әрі жалғастыру, жыл аяғына дейін инфляция деӊгейін 8% дәлізінде ұстау, жұмыс орындарын құру резервтерін іздестіру, "жасыл" көліктіӊ үлесін артыру саясатын жалғастыру.

"Мемлекет басшысы өткен аптаныӊ аяғында жасаған жұмыс сапарыныӊ барысында Алматыныӊ дамуына жақсы бағасын берді. Бұл біз үшін қолжеткенге масайрау емес, бұрынғыдан да барынша тиімді жұмыс істеуге негіз болуы тиіс", - деп қорытындылады сөзін Ахметжан Есімов.

2015 жылдыӊ 3 айында негізгі капиталға бөлінген инвестиция көлемі 82,9 млрд.теӊгеге жетіп, өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 1,9% артты. Екінші деӊгейлі банктер экономикаға жалпы сомасы 842 млрд. теӊге несие бөлді, бұл 2014 жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 30,3% көп. Шағын бизнесті несиелеу 2,7 есе өсті. Депозиттер көлемі 5,7 % өсіп, 2,8 трлн. теӊгеге жетті. Жүк айналымы 6,1 %, жолаушы айналымы 2,5% артты. Байланыс қызметінен түскен табыс 5,9% өсіп, 94 млрд. теӊгені құрады. Көтерме тауар айналымыныӊ көлемі 5% өсті. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар және еӊбекке тартуға қолдау көрсету шаралары есебінен жыл басынан бері қарай 4852 жұмыс орны құрылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны