20.09.2011, 12:00 4073

Алматыда 16 жасар қыз мәжүбірлікпен жезөкшелікке тартылған

Алматыда жасөспірім қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Алматы. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда 16 жасар қыз мәжүбірлікпен жезөкшелікке тартылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда жасөспірім қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Қыз бала Алматыға Алматы облысы Іле ауданынан келген. Алматы қаласы Түрксіб ауданының 37 жасар тұрғыны жақсы жұмысқа тұрғызамын деген сылтаумен кәмелет жасына толмаған қызды жезөкшелікке тартқан", - делінген ІІД баспасөз қызметінде.

Ведомсвто мәліметтері бойынша, зардап шеккен қызды қамауда ұстап, екі ай бойы жезөкшелікпен айналысуға күштеп мәжбүрлеген, кейін бұл оқиға жайында полиция қызметкерлері біліп, оны құлдықтан босатқан.

Жасөспірім қыздың ата-анасы оқиға жайын естісімен қалаға келіп жетті. Өздерінің түсініктемесінде олар қыздарының шынымен жақсы қызметке тұрып, жұмысының көптігінен үйге хабарласуға мүмкіндігі жоқ екен деп ойлағандарын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны