14.09.2006, 17:13 2715

Алматыда 2006-жылдың 8 айында ішкі істер бөлімінің 41 қызметкеріне қатысты 36 қылмыстық іс қозғалды - қалалық ІІД бастығы

АЛМАТЫ. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда 2006-жылдың 8 айында ішкі істер бөлімінің 41 қызметкеріне қатысты 36 қылмыстық іс қозғалды. Бұл ретте мекеменің өз күшімен 25 қылмыс, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 іс әшкереленген. 37 қызметкер кері себептермен жұмыстан шығарылды. Бұл туралы 13-қыркүйекте Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалық етуімен мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша өткен кеңесте Алматы қалалық ІІД-нің төрағасы Ерлан Тұрғынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі әкімшіліктің сайтына сілтеме жасап.

"Былтырғы жылмен салыстырғанда тәртіп сақшылары жасайтын қылмыстар саны азайды. Алайда ішкі істер мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою әзірге мүмкін болмай отыр",- деді департамент төрағасы.

"Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты азаматтардың шағымы тыйылар емес",- деді Е.Тұрғынбаев. Оның айтуынша, аталған мерзімде азаматтардан 756 шағым түскен. Сол бойынша 605 қызмет бабындағы тексперу жүргізілді. Нәтижесінде 320 қызметкер жаза жүктесе, оның ішінде 36 адам кері себеппен жұмыстан босатылды.

"Жұмыс тәртібі мен заң бұзуға себеп болып отырған факторлар - жекелеген қызметкерлер тарапынан күнделікті қызмет бабындағы міндетін жартылай немесе сапасыз атқару; екіншіден, орта және жоғары сатылы лауазым иелерінің біліксіздігі мен жұмыс ұйымдастыру қабілетінің төмендігі, соған сәйкес олар тарапынан қызметкерлерге қойылатын мекемелеік бақылаудың жоқтығы; үшіншіден, жекелеген лауазым иелерінің жауапсыздығы мен олардың кәсіби мүмкіндіктері мен қызмет бабын қылмыстық мақстата саналы түрде пайдалануы; билігін асыра пайдалану мен қызмет бабын бас пайдасына жарату болып табылады",- деді мекеме басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны