30.01.2017, 10:42 5578

Алматыда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданыӊ ашылу рәсімі өтті

Мемлекет басшысы салтанатты іс-шараға қатысушыларды Алматыдағы ғаламат спорт мерекесініӊ басталуымен құттықтады.

Алматы. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кеше, 2016 жылғы 29 қаӊтарда, Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданыӊ ашылу рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы салтанатты іс-шараға қатысушыларды Алматыдағы ғаламат спорт мерекесініӊ басталуымен құттықтады.

"Бұл стадионда жер шарындағы жетекші жоғары оқу орындарыныӊ жүздеген өкілдері жиналып отыр. Сіздердіӊ араларыӊызда болашақ олимпиадашылар мен әлемдік сайыстардыӊ жеӊімпаздары бар. Сондай-ақ, өзініӊ мансабын келешекте экономикамен, саясатпен, бизнеспен байланыстыратындар да жоқ емес", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап еліміздіӊ ұстанымы бірлік пен ынтымақтастық орнату, қауіпсіз болашаққа ұмтылыс болғанын атап өтті.

"Спорт, ғылым және мәдениет арқылы біз барлық құрлыққа тыныштық пен толерантты дамудыӊ қазақстандық формуласын жеткізгіміз келеді. Сол үшін ұйымдастыру жұмыстары күн сайын қарқын алып, осы Мұз сарайы мен бұл ойындардыӊ басқа да нысандары зор ықыласпен салынды", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Универсиада қаланыӊ спорт инфрақұрылымын дамытудыӊ өзіндік локомотивіне айналғанын атап өтті.

"Алматы қазірдіӊ өзінде даусыз рекордтар көрсетіп отыр. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет мұнда Атлеттер қалашығы салынды. Бұл жобаға жұмсалған инвестиция қазақстандықтардыӊ игілігіне қызмет ететін болады. Ареналар көпшілікті бұқаралық спортқа тартатын орталыққа айналады. Атлеттер қалашығы 1700-ден астам отбасыға арналған қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйі бар жаӊа шағын ауданды құрайды. Универсиада әлемніӊ 80 мемлекетінде 43 телеарна арқылы көрсетіледі. Оныӊ аудиториясы бір миллиардтан астам адамды қамтиды. Универсиаданыӊ қанатын кеӊге жайғанын, өзініӊ басталуыныӊ тарихи сәтіне дайын екенін көріп отырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Универсиада өтіп жатқан орынныӊ бірегейлігіне назар аударды.

"Алматы - 1000 жылдық тарихы бар қала, Қазақстанныӊ жаӊа дәуірі бастау алған алтын бесік. Бұл - қарқынды дамып келе жатқан, заманауи қала, іскерлік орталығы және ел экономикасыныӊ қозғаушы күші. Жастар қаласы. Студенттер қаласы. Қазақстанныӊ жоғары оқу орындарыныӊ үштен бірі осында орналасқан, оларда 137 мыӊ студент білім алуда. Аты аӊызға айналған және бәріміз жақсы көретін "Медеу" мұз айдыны бұрынғы даӊқын қайта жаӊғыртып, қайтадан ауқымды жарыстардыӊ атмосферасын сезіндіретін болады. Іле Алатауы бөктерінде "Шымбұлақ" алмастай жарқырап тұрады. Универсиада саламатты өмір салтыныӊ рәмізіне айналады. Оныӊ нәтижесін ұлтымыздыӊ денсаулығын нығайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен салыстыруға болады", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін осы жаһандық мерекені әзірлеуге атсалысқандардыӊ бәріне, соныӊ ішінде үш мыӊ волонтерге, Халықаралық студенттік спорт федерациясына және оныӊ президенті О.Матыцинге алғыс білдірді.

http://www.fisu.net/news/multisports/2017-winter-universiade-in-almaty-opens-in-splendour

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны