04.04.2014, 20:37 2718

Алматыда 2017 жылғы Универсиадаға қарсы ғылыми-зерттеу денсаулық институты құрылады

Алматыдағы 2017 жылғы Универсиадаға қарсы денсаулық бойынша ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Студенттік ұлттық спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов мәлімдеді.

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan today. Алматыдағы 2017 жылғы Универсиадаға қарсы ғылыми-зерттеу денсаулық институты құрылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Студенттік ұлттық спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов мәлімдеді.

"Біздің барлығымыздың Қазақстан халқының дене шынықтырумен айналысатын тобын 30%-ға дейін арттыру. Біздің ойымызша, осы Универсиаданың басты мұраларының бірі аталмыш санды тек студенттердің арасында ғана 50 пайызға дейін арттыру", - дейді Қ.Закирьянов.

Оның айтуынша, Қазақстан спортты мемлекеттің имиджімен байланыстыруға үйреніп қалған.

"Алайда дене шынықтырудың рөлінің бұдан да маңызды екенін екінің бірі біле бермейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам денсаулығы тек 10-12 пайызға ғана медицинаның дамуына байланысты болса, 55 пайыз оның физикалық белсенділігіне және өмір сүру дағдысына байланысты. Сол себепті біз Алматыда ғылыми-зерттеу денсаулық институтын құрмақшымыз. Бұл науқастардың санын тежеуге мүмкіндік береді", - дейді.

"Біз өскелең ұрпақтың денсаулығына алаңдауымыз керек. Студенттерімізге осындай институт құрып берсек, менің ойымша, бізге жастар ғана емес, барлық қазақстандықтар алғыс білдірер еді", - деп түйіндеді сөзін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны