15.08.2017, 16:26 5393

Алматыда 2017 жылы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 85 үй пайдалануға беріледі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша өткен жиын барысында бағдарламалардыӊ мақсатты индикаторларына қолжеткізу және басты проблемаларды шешу жөнінде бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді және қаланыӊ басқармалар басшылары мен аудандар әкімдерініӊ назарларын өндірістік жұмыстардыӊ сапасына, обьектілердіӊ дер кезінде берілуі тиіс екеніне аударды.

Алматы. 15 тамыз. Kazakhstan Today -Алматы әкімдігінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша өткен жиын барысында бағдарламалардыӊ мақсатты индикаторларына қолжеткізу және басты проблемаларды шешу жөнінде бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді және қаланыӊ басқармалар басшылары мен аудандар әкімдерініӊ назарларын өндірістік жұмыстардыӊ сапасына, обьектілердіӊ дер кезінде берілуі тиіс екеніне аударды. Үстіміздегі жылдыӊ 7 айыныӊ қорытындысы бойынша барлық бағдарламалар бойынша маӊызды мәселелер жүзеге асты,оныӊ ішінде денсаулық сақтау, білім беру салалары, "Рухани жаӊғыру" және басқалары бар.

Қалада инфрақұрылымдық дамудыӊ "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс 3 бағытта жүруде, олар:тұрғын үй- коммуналды шаруашылық инфрақұрылымын, жылу жүйесін, сумен қамту және судан бөлу жүйелерін модернизациялау,қайта жасау және салу.

2015 жылдан бері қарай "Саялы", "Жас Қанат", "Алғабас-1" мен Универсиада обьектілерінде қажетті инфрақұрылыммен қамту үшін 81 км инженерлік желілер салынды, 13,9 км инженерлік желі қайта жасалды. Биыл құны 9,9 млрд. теӊге болатын нысандар жаӊарады,бұл 2016 жылмен салыстырғанда тозуды 1,5%-ға, шығынды 2,3%-ға, апатты 3,2%-ға азайтады. Бағдарлама қолға алынғалы бері 2,4 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орны құрылды. Биыл "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша жалпы алаӊы 216,8 мыӊ шаршы метр немесе 4 198 пәтерлі 85 үй пайдалануға беріледі, сонымен қатар әкімдік тарапынан осы мемлекеттік бағдарлама аясында 73 үй салынуда, оныӊ 24-і биыл іске қосылады.

"Өӊірлерді 2020 жылға дейін дамыту" бағдарламасы бойынша 2015 жылдан бері жалпы құны 4,8 млрд. теӊге болатын сумен қамтудыӊ 141 км жаӊа желісі, 96 км кәріз жүйесі тартылды. Жалпы, 2016 жылы 467,2 км инженерлік желі жаӊартылды және салынды. 2017 545 км инженерлік желілерді салу және қайта жасау жсопарланған, оныӊ құрамына судан бөлу, сумен, газбен, жылумен, электрмен қамту енген. Бағдарлама аясында өткен жылы 37 үй жөнделді, 47 лифт жаӊартылды. 2017 жылы 245 үй (94 үйдіӊ 199 лифті жаӊарады, 151 үйдіӊ подъездері, шатырлары мен маӊдайшалары реттеледі) жөнделеді.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Алматыныӊ кәсіпкерлікті қолдау картасына құны 190 млрд. теӊге болатын әрі 12 мыӊ жаӊа жұмыс орнын құратын 100 жоба енген. 2015 жылдан құны 35,6 млрд. теӊге болатын және 2,7 мыӊ жаӊа жұмыс орнын құратын 33 жоба жүзеге асырылуда. Барлық кәсіпорындар жоспар бойынша жұмыс істеуде, олардыӊ жүктемесі 70% және одан да жоғары. Жыл аяғына дейін жалпы құны 59 млрд. теӊге болатын және 2 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орнын ашатын тағы 22 жоба қолға алынады.

Бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай "БЖК 2020" бағдарламасы аясында 2015 және 2016 жылдары 2,5 мыӊ жаӊа жұмыс орнын ашуды қамтыған 448 жоба орындалды. Соныӊ арқасында 15,5 мыӊ жұмыс орны сақталды. Биыл субсидия, грант және кепілдікке 4,4 млрд. теӊге бөлінді. Нәтижесінде 1,6 мыӊ жұмыс орны ашылды, 7,3 мыӊ жұмыс орны сақталды.

"Жібек жолы" өӊірлік бағдарламасына 2015 жылдан "Даму" қорымен бірге тепе- теӊдік негізде 175 жобаны қолдау үшін 10,7 млрд. теӊге бөлінді. Бағдарламаға қатысушылар 2016 - 2017 жылдары 1,2 млрд. теӊге салық төледі, 550 жаӊа жұмыс орнын ашты,1,2 мыӊ жұмыс орнын сақтап қалды. Жеті айдыӊ қорытындысы бойынша қалада ШОБ субьектілерініӊ қатары 7,3% -ға өсіп, 172,9 мыӊға жетті. ШОБ жұмыс істейтіндердіӊ саны 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында 581 мыӊ адамды құрап, 2,4%-ға өсті.

Үстіміздегі жылдыӊ 7 айыныӊ қорытындысы бойынша барлық бағдарламалар бойынша маӊызды мәселелер жүзеге асты, оныӊ ішінде денсаулық сақтау, білім беру салалары, "Рухани жаӊғыру" және басқалары бар. Алматыда ғылым мен білімді дамыту бағдарламасы бойынша 2016 жылы 1-ші сынып оқушыларын тегін оқулықтармен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету 100 пайызға орындалды, 2017 жылы 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныптар білім берудіӊ жаӊа жүйесімен қамтылады.Биылғы жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша қала оқушылары алтыншы жыл қатарынан республикада бірінші орынды иеленді. Бағдарламаныӊ басқа да көрсетікштері бойынша биік межелерге қол жетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны