20.05.2009, 14:12 1224

Алматыда 250 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлеріне үкім шығарылды

Алматыда 250 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлеріне үкім шығарылды

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 250 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлеріне үкім шығарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматы қаласында 5 жылдан бастап одан жоғары мерзімдерге бас бостандығынан айыруға Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бас мамандары Г. Қасымбекова мен Г. Смағұлова және азаматша З. Шаймұхамбетова сотталды. Олар әлеуметтік төлемдер алатын адамдар санатын жатпайтын тұлғаларға төлемдерді заңсыз бөлген және жалған есепшоттар арқылы 250 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған",- деді М.Жұманбай.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Алматының Иуезов ауданы әкімшілігінің құрылыс бөлімінің бастығы қамауға алынды. "Ол сауда повильонын заңдастыруға көмектесу сылтауымен Ж. деген азаматтың 750 мың теңге қаражатын ұрлаған. Қылмыстық іс прокурорға жіберілді",- деді ресми өкіл.

Бұған қоса, ресми өкілдің мәліметінше, "Алматы қаласында жер қатынастары басқармасының бұрынғы сектор меңгерушісі сотқа тапсырылды. Ол жердің мақсаттық бағытталуын өзгертуге көмектесу желеуімен К. деген азаматтың 11 мың АҚШ долларын заңсыз иемденген".

Бұған қоса, мемлекеттік сатып алулар саласында да алаяқтық фактілері анықталды, деді ресми өкіл.

Айталық, Қостанай облысында "СерКо" ЖШС директоры сотқа тапсырылды. "Ол Мендіқара ауданының білім беру бөлімімен "Достық" спорт алаңының ағымдағы жөндеуін жүргізу туралы келісім-шартқа отырып, атқарылған жұмыстар туралы актілерге жалған мәліметтер енгізу жолымен 1 млн 400 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлаған",- деді қаржы полициясының өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны