15.01.2014, 19:34 5329

Алматыда 4 балабақша ашылды

Қазіргі таңда Алматыда 424 мектепке дейінгі мекеме қызмет етеді. Онда бас-аяғы 51 500 бала тәрбиеленуде. Тек соңғы 5 жыл ішінде мегаполисте 4090 орындық 25 балабақша ашылған. Осы жылдарда 1740 орындық 7 ғимарат қала меншігіне өткізілді. Нәтижесінде Алматыдағы балабақша саны мен ондағы орын саны 8,1 пайызға артты.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Алматыда 4 балабақша ашылды. Солардың ішіндегі "Айнабұлақ" шағын ауданындағы балабақшаның ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қала басшысы "Балапан" бағдарламасының маңызын айта келіп қаланың кішкентай тұрғындары мен ата-аналарды құттықтады", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Алматыда 424 мектепке дейінгі мекеме қызмет етеді. Онда бас-аяғы 51 500 бала тәрбиеленуде. Тек соңғы 5 жыл ішінде мегаполисте 4090 орындық 25 балабақша ашылған. Осы жылдарда 1740 орындық 7 ғимарат қала меншігіне өткізілді. Нәтижесінде Алматыдағы балабақша саны мен ондағы орын саны 8,1 пайызға артты.

Қала әкімі ашылуына қатысқан №179 балабақша 120 балаға есептелген. Балабақша толықтай заманауи құрылғылармен қамтамасыз етіліп, мамық жиһаздар мен балалардың ойыншықтары бар. Балабақшадағы оқыту-тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде өткізіледі.

Жақын уақытта Алматыда "Саялы", "Алғабас", "Ақбұлақ" шағын аудандары мен Шаляпин-Алтынсарин көшелерінің қиылысында салынатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны