12.09.2006, 18:42 3125

Алматыда 7 мыңдай заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды

АЛМАТЫ. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда бүгінгі жағдаймен 6 961 заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның мәліметіне сәйкес, көші-қон полициясының бөлімшелері 8 213 адамнан өтініш қабылдады. Соның ішінде Қырғызстанның 1463, Өзбекстанның 4451, Тәжікстанның 612, Ресейдің 71, Грузияның 223, Изербайжанның 125, Арменияның 12, Украинаның 4 азаматы заңдастырылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз еңбк мигранттарын легализациялау барысында тәртіп сақшылары бірқатар тауқыметерге тап болды. Мәселен, заңсыз мигранттардың барлығында бірдей жұмыс берушімен жеке еңбек шартына қол қоймаған. Ал бұл - легализациялаудың басты шарты. Көптеген жұмыс берушілер еңбек мигранттарын заңдастырудан құлықсыз. Олар өз қарамағында істейтін адамдардың ел аумағында қысқа мерзім болатынын алға тартады.

Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру науқанының барысында "Мигрант" шарасы өтті. Тәртіп сақшылары шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 246 кәсіпорын мен ұйымды, сондай-ақ, базарлар, қоғамдық тамақтандыру және демалыс орындары сеілді шетелодіктер көп шоғырланатын жерлерді тексерді. Нәтижесінде төлқұжат-виза тәртібін бұзған 1237 адам анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны